Илья Александрович Ильин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ильин Илья Александрұлы

Илья Ильин жеңіс сәтінде
Жеке мағлұматтар
Жынысы

Ер

Толық есімі

Ильин Илья Александрұлы

Азаматтығы

 Қазақстан

Мамандандыру

ауыр атлет

Клубы

Динамо

Туған күні

24 мамыр 1988 (1988-05-24) (36 жас)

Туған жері

Қызылорда

Бапкер(лер)і

Вилорий Пак, Ержас Болтаев, Тойшан Бектимиров

Бойы

174 см

Салмағы

94 кг

Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) — Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы [1]. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.

2008, 2012 жылдары екі рет Олимпиада чемпионы атанғанымен Халықаралық Олимпиада комитеті 2016 жылы "допинг қабылдады" деген сылтаумен жоққа шығарды.

Биографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Әкесі – Александр Ильин. Анасы – Галина Ильина. Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.

Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын.

Бірінші әйелі - Наталья Кулакова, гандболшы, гандболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы. 2017 жылы ажырасқан. Олардың Милана атты қызы бар.

Илья Ильинның екінші әйелі - Татьяна Гордиенко (2023).

Илья Ильин

Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн тоғыз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi. Жарақатына байланысты бiр жыл спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң айтуынша, 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрiздi.

Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.[2]

Әлем чемпионаты (2005)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2005 жылы Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Қатар елінің астанасы Доха қаласында өтті. Илья Ильин 17 жасында алғашқы рет ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына ең жас әлем чемпионы ретінде жазылды. Илья ерлер арасында 85 кг дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Rank Аты-жөні Туған күні Мемлекет Өз салмағы Топ Жұлқа көтеру Серпе көтеру Қорытынды
1 Илья Ильин 24.05.1988  Қазақстан 84.65 A 170 216 386.0
2 Ионг Лю 01.01.1986  Қытай 84.35 A 175 210 385.0
3 Асламбек Едиев 04.01.1970  Ресей 84.73 A 170 211 381.0
4 Олег Перепеченов 06.09.1975  Ресей 82.57 A 175 205 380.0
5 Андрей Рыбаков 04.03.1982  Беларусь 84.70 B 185 195 380.0
6 Айджун Иан 07.04.1977  Қытай 84.28 A 173 205 378.0
7 Вячеслав Ерошов 07.12.1980  Қазақстан 82.67 A 175 200 375.0
8 Тигран Мартиросян 03.03.1983  Армения 84.07 A 172 202 374.0
9 Валерию Галанчеа 18.11.1980  Румыния 84.50 A 165 207 372.0
10 Карол Горчешевский 06.11.1983  Польша 84.99 B 165 200 365.0
11 Хосе Оливер Руиз 18.09.1974  Колумбия 83.88 B 155 200 355.0
12 Хектор Баллестерос 18.10.1981  Колумбия 83.55 B 157 195 352.0
13 Ондрей Кутлик 09.09.1976  Словакия 84.98 B 155 195 350.0
14 Чад Томас Ваун 11.05.1980  АҚШ 84.98 B 150 185 335.0
15 Октавио Антонио Межиас Хернандес 21.07.1982  Венесуэла 82.82 B 145 186 331.0
16 Али эль Моужоуд 24.07.1982  Франция 80.50 C 148 177 325.0
17 Норберт Цсер 18.01.1985  Мажарстан 83.30 C 148 171 319.0
18 Хуан Карлос Гуитерио 06.02.1983  Доминикан Республикасы 82.68 C 141 177 318.0
19 Павел Колосовский 23.08.1981  Израиль 84.16 C 140 174 314.0
20 Руслан Рамазанов 10.02.1987  Түрікменстан 84.18 C 140 170 310.0
21 Уати Мапосуа 26.07.1976  Самоа 83.74 C 137 165 302.0
22 Мансур Режепов 03.01.1982  Түрікменстан 79.96 C 135 165 300.0

Әлем Чемпионаты (2006)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Санта Доминго, 94кг

Реті Аты-жөні Мемлекет Жұлқа көтеру Серпе көтеру Қорытынды
1 Илья Ильин  Қазақстан 175 217 392.0
2 Симон Колецки  Польша 173 219 392.0
3 Роман Константинов  Ресей 177 215 392.0
4 Мухама Созаев  Ресей 176 215 391.0
5 Иоандарис Хернандес  Куба 170 216 386.0
6 Константин Пилеев  Украина 171 214 385.0
7 Николас Куртидис  Грекия 173 210 383.0
8 Хосе Хуан Наваро Батиста  Испания 170 208 378.0
9 Евгений Братан  Молдова 170 208 378.0
10 Альберт Кузилов  Грузия 172 205 377.0
11 Бартоломей Восчиек Бонк  Польша 170 205 375.0
12 Сантьяго Матринес  Испания 170 200 370.0
13 Миранда Хоел Сотолонго  Куба 165 201 366.0
14 Юрген Спиес  Германия 165 200 365.0
15 Мохамад ел Нагар  Мысыр 155 206 361.0
16 Ли Унгджо  Корея Республикасы 160 200 360.0
17 Теймурази Гогиа  Грузия 160 197 357.0
18 Ангел Давид Даза Тапиа  Венесуэла 150 205 355.0
19 Константинос Пападопулос  Грекия 155 200 355.0
20 Андрей Мельник  Украина 156 193 349.0
21 Рене Хорн  Германия 146 200 346.0
22 Ондрей Кутлик  Словакия 150 195 345.0
23 Сутифон Ватанакасим  Тайланд 157 187 344.0
24 Юки Хираока  Жапония 150 191 341.0
25 Кунчай Начпум  Тайланд 150 190 340.0
26 Джефрей Уиттмер  АҚШ 148 190 338.0
27 Юрий Галкин  Қазақстан 145 187 332.0
28 Осаму Мизута  Жапония 140 189 329.0
29 Мантас Звирблис  Литва 145 182 327.0
30 Атилла Кисс  Мажарстан 148 178 326.0
31 Энтони Мартин  АҚШ 147 179 326.0
32 Хуан Хименез  Доминикан Республикасы 142 172 314.0
33 Нургелді Горганов  Түрікменстан 140 162 302.0
34 Луиджи Грандо  Италия 130 166 296.0
35 Давид Ниевес  Пуэрто-Рико 130 150 280.0
36 Нельсон Гатика  Чили 120 145 265.0

Пекин Олимпиадасы (2008)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пекин олимпиадасы қазақстандық жас дарын Илья Ильин үшін алғашқы болатын. Бірақ Илья бұл жарсықа екі дүркін әлем чемпионы ретінде қатысты және жарыстың негізгі жеңімпазы ретінде қарастырылған болатын. Қазақстан жұртшылығы да Ильядан алтын медаль күткен еді.

Ауыр атлетикадан 94 кг дейінге ерлер арасындағы жарыс 17 тамыз күні Аэронавтика және астронавтика университетінің спортзалында өтті. Илья Ильин серпе көтеруде 226 кг-ды бағындырып, аталған сайыс түрінде әлемдік рекорд орнатты.

# Аты-жөні Мемлекет Жұлқа көтеру Серпе көтеру Қорытынды
1. Илья Ильин  Қазақстан 180 226 406
2. Симон Колецки  Польша 179 224 403
3. Хаджимурат Аккаев  Ресей 185 217 402
4. Арсен Касабиев  Грузия 176 223 399
5. Низами Пашаев  Әзербайжан 181 215 396
6. Иоандрис Эрнандес  Куба 178 215 393
7. Асгар Эбрахими  Иран 180 212 392
8. Роман Константинов  Ресей 387

Әлем чемпионаты (2011)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
# Аты-жөні Мемлекет Жұлқа көтеру Серпе көтеру Қорытынды
1 Илья Ильин  Қазақстан 181 226 407
2 Артем Иванов  Украина 186 221 407
3 Саид Мохамадпоуркаркарах  Иран 181 221 402
4 Александр Иванов  Ресей 186 215 401
5 Руслан Нурудинов  Өзбекстан 177 221 398
6 Андрей Деманов  Ресей 178 220 398
7 Ким Мин-Жае  Корея Республикасы 182 214 396
8 Анатолий Чирицу  Молдова 175 220 395
9 Интигам Заиров  Әзербайжан 177 215 392
10 Ауримас Диджбалис  Литва 173 216 389
11 Константин Пилеев  Украина 170 211 381
12 Арсен Касабиев  Польша 170 210 380
13 Александр Макаранка  Беларусь 170 208 378
14 Камачали Ашгар Ибрахими Фарбод  Иран 175 201 376
15 Давид Хуркуле Матам Матам  Франция 170 202 372
16 Ибрахим Арат  Түркия 165 206 371
17 Силвестор Колецки  Польша 169 202 371
18 Давид Кавелашвили  Грекия 165 200 365
19 Хосе Хуан Наваро Батиста  Испания 162 200 362
20 Эндри Карина  Албания 160 195 355
21 Хербис Маркиз  Венесуэла 157 196 353
22 Жасурбек Жумаев  Түрікменстан 163 188 351
23 Гиасиддин Ахмедов  Өзбекстан 154 197 351
24 Христос Салстидис  Грекия 160 186 346
25 Бенедикт Улоко  Нигерия 147 196 343
26 Симлис Рибоем  Аустралия 150 190 340
27 Юки Хираока  Жапония 150 190 340
28 Давид Катоатау  Кирибати 143 195 338
29 Джарел Давид Флеминг  АҚШ 152 183 335
30 Даду Мали Чандракант  Үндістан 148 176 324
31 Николас Робертс  Канада 143 180 323
32 Роберто Карлос Росадо Круз  Пуэрто-Рико 135 185 320
33 Хернан Виера  Перу 120 160 280

Лондон Олимпиадасы (2012)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жарысқа 21 атлет қатысты. Илья Ильиннің негізгі қарсыласы ретінде ресейлік Александр Иванов болатын. Баспасөз беттерінде берген сұхбаттарында Иванов Ильяны анық жеңетіндігін айтып жүрді. Иванов – 2010 жылғы Әлем чемпионы. Сол жылы Илья әлемдік жарысқа қатыспаған болатын. 2011 жылғы Парижде өткен Әлем чемпионатында Ильин мен украиналық Артем Ивановтың көтерген салмақтары бірдей болды. Дегенмен Ильяның өз салмағы Артем Ивановқа қарағанда жеңілдеу болғандықтан жеңімпаз ретінде аталды. Ресейлік Александр Иванов тек төртінші орында қалды. Ильяның салмағында жарысқа түсетін тағы бір әйгілі атлет украиналық Артем Иванов Лондон ойындарына келмеді. Сондықтан негізгі екі атлетпен бірге ирандық жас дарын да чемпиондықтан үмітті болатын. Алайда, маңызды салмақты көтере алмады. Әлемнің мықты атлеттерінің арасындағы келесі маңызды кездесу Лондон Олимпиадсында жалғасты.

Жұлқа көтеру сайысында қазақстандық, ресейлік және корей спортшысы бірдей 185 кг салмақты көтерді. Өз салмағының аздығына байланысты Иванов - бірінші, Ильин-екінші, Ким Мин Жае - үшінші болды.

Серпе көтеру сайысында Илья 233 кг көтеріп жаңа әлем рекордын орнатты. Екі сайыс қорытындысы бойынша 418 кг көтеріп Илья әлем рекордын екінші рет жаңартты. Бұған дейінгі әлем рекордын Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Каха Кахиашвили 1999 жылы орнатқан еді [3].

Ресейлік "Советский спорт" газеті өз спортшысының Илья Ильин деп аталатын "терминаторға" жеңілгендігін айтыпты [4].

Қос сайыс бойынша соңғы көрсеткіштер келесідей болды:[5]. Илья бұл жетістіктерінің мүмкін болуына ресейлік екі атлеттің көрсеткен бәсекелестігінің арқасында жеткенін айтады. Егер олар болмағанда әлемдік рекордқа бару қиын болар еді деп мәлімдеді [6]

# Аты-жөні Елі Жұлқа көтеру Серпе көтеру Жалпы қорытынды
1. Илья Ильин  Қазақстан 185 233 418
2. Александр Иванов  Ресей 185 224 409
3. Анатолий Чирицу  Румыния 181 226 407
4. Андрей Деманов  Ресей 182 225 407
5. Мохамадпоуркаркарах Саид  Иран 183 219 402
6. Интиқам Заиров  Әзербайжан 182 215 397
7. Алмас Өтешов  Қазақстан 175 220 395
8. Ким Мин Жае  Корея Республикасы 185 210 395
9. Томаш Бернард Зеленский  Польша 175 210 385
10. Александр Макаранка  Беларусь 175 209 384
11. Норайар Варданян  Армения 170 210 380
12. Константин Пилиев  Украина 166 206 372
13. Давид Кавиашвили  Грекия 170 200 370
14. Ендри Карина  Албания 155 195 350
15. Аббас Алқайсум  Сауд Арабиясы 155 180 335

Prior to this competition, the existing world and Olympic records were as follows.

Рекордтар Жұлқа көтеру  Акакиос Какиашвилис (GRE) 188 кг Афина, Грекия 27 Қараша 1999
Жұлқа & Серпе  Симон Колески (POL) 232 кг София, Болгария 29 Сәуір 2000
Жалпы  Акакиос Какиашвилис (GRE) 412 кг Афина, Грекия 27 қараша 1999
Олимпиада рекорды Жұлқа көтеру Үлгі:FlagIOCathlete 187 кг Сидней, Аустралия 24 қыркүйек 2000
Жұлқа және Серпе көтеру Үлгі:FlagIOCathlete 226 кг Пекин, Қытай 17 тамыз 2008
Жалпы Үлгі:FlagIOCathlete 406 кг Пекин, Қытай 17 тамыз 2008

Қызылорда облысының әкімі Илья Ильин мен оның бапкерлеріне 75 млн теңгеге арналған сертификат тапсырды [7].

Мемлекеттік марапаттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 2012 жылғы 17 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Олимиада жеңімпаздарымен кездесу кезінде Илья Ильинге "Отан" орденін табыстады [8].
  • Құрмет ордені.
  • Барыс ордені.
  • Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]