Кадет партиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кадет партиясы - Ресейде 1905-1917 жылдары жұмыс істеген конституциялық-демократиялық партия. Бұл партия құрамында Ә.Бөкейхан болған. Оның «Мен Кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласы бар. Бұл мақаласында ол «Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық» дей келеді де Кадет партиясының жолы ұлттық мемлекет жолымен қиыспайтынын айтып: «Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға тырыстым. Мұны мен июльдегі Жалпықазақ сиезінде айтқан едім» деген болатын.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7