Камфора

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Үлгі:Chembox Камфора – камфора ағашынан алынатын дәрілік зат. Камфора түссіз, өзіне тән исі бар, тез ұшқыш, суда нашар, ал органик еріткіштерде жақсы еритін кристалды зат. Ол орталық жүйке жүйесінің жұмысын қоздырады, терең тыныс алуды қалыптастырып, жүрек қан тамырларын кеңейтеді, жүрек етінің қызметін жақсартады. Сондай-ақ, сыртқы жараны зарарсыздандырып, қабыну процесін қайтарады. Камфораның ұнтақ, майлы ерітіндісі (шабдалы майында) тері астына, қан тамырына жіберуге, ал камфора майы (күнбағыс, т.б.) теріге ерітінді түрінде жағуға пайдаланылады. Камфора қабыну, жүрек неврозы, жүйке жүйесі қызметі бұзылғанда, құлақ ауырғанда қолданылады.

Камфордың пирофосфаттан биосинтезі
Камфордың пирофосфаттан биосинтезі

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]