Клисфен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Клисфен

Клисфен - (грек. Κλεισθένης) - б.з.б.6 ғасырдағы Афиныда (Ежелгі Грекия) заң шығарушы. Алкмеон әулеті тұқымынан шыққан, Мегакл мен Агаристаның ұлы, өзімен аттас Сикион тиранының немересі (Клисфен үлкені).
Алғашқы рет Клисфент туралы ежелгі афиндық жазбада кездеседі. Ол жерде Клисфент 525 ж. б. д. д. архонт болған деп айтылған. 508-507 ж. б.д.д. архонт болып Исагор сайланған. Осы жылдар шамасында Клисфентпен Исагордың арасына таққа таласу басталады. Исагор аристикраттық "жолдастықтарды" (гетерияларды) қолдап, жалпы олигархтық бағытта болады. Ал Клисфент халыққа жақын болып демократиялық реформаларды жоспарлап, халыққа сүйенеді. Исагор Спартадан көмек сұрайды. Спартаның Клеомен патшасы Исагорға көмекке келіп Афиныдан 700 отбасын қуылып, Клисфен жасырын қашып, тіпті өліктердің сүйектері молаларынан қазылып лақтырып тастатқан. Билікке Исагор мен оның қолдайтын 300 олигархтар отбасы келді. Көп ұзамай жалпы елдің көтерілісі басталып, нәтижесінде Клеомен спарталықтармен бірге елден қуылып, Исагор да өзінің жақтаушыларымен бірге елден безді. Осыдан кейін Клисфен қалаға кайтып келіп, іс жүзінде мемлекеттік билігін өз қолына алып, бірқатар реформа жүргізіп, афиналық демократияны орнатты.

Клисфен реформалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Аймақтық бөліну. Реформа жүргізу алдында Афины 4 тайпалық аймаққа бөлінетін (фила). Реформадан кейін аймақтық бірлігі болып "деревня" (дем) санала басталды. Бірнеше демдер - тритийді құрайды, ал триттий - филды құрайды. Фил арқылы демдер мемлекеттік басқарудға қатысады. Триттийдің саны -30 болған, ал филдар - 10.

Осы Клисфен бойынша демге бөлінуі б.д. 4 ғ-на дейін сақталған, ол кездерде 13 фил, 200 дем болған.

  • Қалалық кеңес реформасы. Бұрын Солон Конституциясы бойынша әр филдан 100 өкілден қатысып, барлығы 400 адам қалалық кеңеске кірген. Клисфен әр филден 50 адам сайланып барлығы 500 адам болып жаңа "бесжүздің кеңесі" құрады. Кеңес 10 секцияға бөлініп, әр бөлімшеде 10 филдың өкілдері қатысу міндетті болды. 6000 сот сайланып, олар да 10 филдың өкілдерінен бірдей қылып алынған.
  • Басқа реформалар. Клисфен дәуірінде бай әулеттердің басымдылығы жойылып, әр 18-ге келген афиндықтың (феттерден басқа) саясатта ролін атқаруға мүмкіншілігі бар болды.

Және 10 стратегтен әскери коллегия құрылды. Оны архонт-полемарх басқарды.
Клисфен кезінде острахизм енгізілді.

Клисфенреформалары Тезейдің кезінде басталған Аттиканың бірігуін аяқтады. Афиныда демократия күшейіп, афиндақтар көп жеңістерге жетті.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998