Константин Аполлонович Савицкий

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Константин Савицкий Аполлонович
Туған күні

6 маусым 1844 (1844-06-06)

Туған жері

Таганрог

Қайтыс болған күні

13 ақпан 1905 (1905-02-13) (60 жас)

Қайтыс болған жері

Пенза

Константин Аполлонович Савицкий (6 маусым 1844 жыл, Таганрог, Ресей империясы — 13 ақпан 1905 жыл, Пенза, Ресей империясы) — орыс кескіндемеші, Петербург Көркемсурет академиясының толық мүшесі, педагог.

1862-73 жылдары Петербург көркемсурет академиясында, 1874-76 ж. Германия мен Францияда оқыды. Мәскеудегі кескіндеме, мүсін және сәулет өнері училищесінде және Пенза көркесурет училищесінде сабақ берді. 1878 жылдан Передвижниктер серікктігінің белсенді мүшесі болды. "Темір жолдағы қалпына келтіру жұмыстары", "Иконамен кездесу", "Соғысқа аттану", "Ілгекті жүкші" атты халық өмірінің драмалық көріністерге толы әлеуметтік жағдайын бейнелейтін жанрлық шығармалардың авторы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том