Корея Республикасының қарулы күштері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Корея Республикасының Қарулы күштері (кор. 대한민국 국군; Hanja: 大韓民國國軍; Жаңа романизация: Daehanminguk Gukgun, сөзбе-сөз "Ұлы Корея Республикасының Ұлттық әскері") — Корея Республикасының әскери қарулы күштері. 1948 жылы Кореяның бөлінуі нәтижесінде пайда болған Корея Республикасының Қарулы күштері әлемдегі ең ірі әскери қарулы күштердің бірі болып табылады: 2014 жылғы мәліметтерге сай оның құрамына 3.600.000 адам кіреді (630.000 адам тұрақты түрде және 2.970.000 адам қосалқы құрамда).[1] Қарулы күштер Республиканың тәуелсіздігі мен аумақтық бірлігін қамтамасыз етеді, түрлі гуманитарлық шараларға және табиғи апаттардың зардаптарын жоюға қатысады. Сонымен қатар Қарулы күштері түрлі бітімгерлік және антитеррорлық операцияларға қатысады.

Корея соғысына дейін Корея Республикасының Қарулы күшері негізінен полицейлік күштер болды. Нәтижесінде соғыс басында солтүстік кореялық және қытайлық шабуылдар кезінде олар тек американдық әскери қару-жарақ пен техникаға ғана арқа сүйеді. Оңтүстік Кореяның жедел дамуы кезінде әскерилер мемлекет тарапынан қаржыландырылатын технологияны беру бойынша бірнеше жоба мен жегілікті жобалар арқасында дамыды. Әскерді дамыту жұмыстары 1980-жылдарға дейін жалғасты. GlobalSecurity.org сайтының хабарлауынша, «1990 жылы әскерге қажетті қару-жарақтың, байланыс құралдарының және басқа да құрылғылардың, көлік құралдарының, киімдердің және басқа да материалдардың 70%-ын жергілікті өндіріс орындары қамтамасыз етті».

Бүгінгі таңда, Корея Республикасы Қарулы күштері жаңа және ескі қаруларды бірдей қолданады. Корея Республикасының әскери бюджеті 2011 жылы 30 миллиард АҚШ долларымен әлем бойынша 12-орында болды. Оның құрамына көптеген америкалық және еуропалық әскери жүйелер және өркендеп келе жатқан жергілікті өндірушілердің өнімдері кіреді. Корея соғысынан кейін Корея Республикасы АҚШ-пен бірге Корея Республикасы-АҚШ әскери альянсын құрған.[2] Осы альянс аясында Корея Республкасы әскері мен Корея Республикасы теңіз жаяу әскері Вьетнам соғысы кезінде Оңтүстік Вьетнам және АҚШ жағында соғысты. Сонымен қатар Корея Республикасы Тынық мұхиты жағалауы мемлекеттері арасында өткізіліп тұратын түрлі әскери-жаттығу ойындарына (мысалы, RIMPAC және RSOI) қатысып тұрады. Қарулы күштердің құрамына тағы Қорғаныс қауіпсіздігі басшылығы, Қарсы барлау әскери корпусы кіреді, олар Корея Республикасының әскерилерінің елдегі әскери билік режимі кезіндегі адалдығын тексеретін.

Елдің бас әскери басқарушысы президент болып табылады, Қарулы күштерге жалпы басшылықты қорғаныс министрі орындайды. Қарулы күштер бойынаша шұғыл басшылықты және стратегиялық жобалауды Штаб бастықтарының біріккен комитеті атқарады. Қарулы күштер америкалық үлгіде жасалған және келесі әскер түрлерінен тұрады:

  • құрлық әскері (Корея Республикасының әскері)
  • Корея Республикасының Әскери-теңіз күштері
    • теңіз жаяу әскері корпусы (ӘТК құрамында)
  • Корея Республикасының Әскери-әуе күштері

Сонымен қатар Корея Республикасында тәуелсіз теңіз шекара қызметі және азаматтық қорғаныс бөлімдері бер.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 국방백서 2014 (Желтоқсан 2014 жыл).
  2. North Korea vs South Korea  (ағыл.) (22 қазан 2012 жыл). Тексерілді, 26 наурыз 2013 жыл.