Көкектәрізділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Көкектәрізділер
Phaenicophaeus curvirostris
Phaenicophaeus curvirostris
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Кіші табы: Желпіқұйрықты құстар
Ықшам табы: Neognathae
Ұлы сабы: Neoaves
Сабы: Cuculiformes
Wagler, 1830
Families

Cuculidae
Musophagidae

Көкектәрізділер (лат. Cuculiformes) – құстар класының бір отряды.


Бұлар бір-бірінен айырмашылығы айқын байқалатын екі отряд тармағына бөлінеді. Әрбір отряд тармағында бір-бірден тұқымдасы (көкек және банан жегіш көкек) бар. Көкек тұқымдасына жататындардың тұмсықтарының жиегі біртегіс. Денесінің ұзындығы 15 – 70 см. Ағаш басында тіршілік ететін көкектәрізділердің аяғы қысқа, ал құрлықта (жер бетінде) таралғандарының аяқтары ұзын әрі жүгіруге бейімделген. Көкектәрізділердің 39 туысқа жататан 130-ға тарта түрі белгілі. Көкектәрізділер Жер шарында кеңінен таралған, тек һполюстік белдеуде кездеспейді. Тропиктік аймақтарда, Африкада, Сахараның оңтүстігінен бастап далалық жерлерде, саваннада, орманды-ағашты жерлерде, негізінен, банан жегіш көкектер (Musophagіdae) тіршілік етеді. Олардың 5 туысы 18 түрі белгілі. Дене тұрқы 36 – 71 см, тұмсығы мықты, шеті иректеліп келген. Құйрығы ұзын, қанаты жалпақ, жақсы ұша алмайды. Басында шашты қауырсыннан тұратын айдаршасы болады. Бұлар моногамды, ағаш басына ұялап, 2 жұмыртқа салып, оны 3 аптадан аса аталығы мен аналығы кезектесіп басады. Негізінен жеміс-жидек, ағаш, бұтаның жас өркені, бүршігімен қоректенеді. Банан жегіш көкек деп аталғанмен, олар банан жемейді. Бұл тұқымдастың өкілі Қазақстанда кездеспейді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • [1] Қызыл кітап