Ледебурит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ледебурит (нем. ledeburіt — [металлург А. Ледебурдің (1837 — 1908) есімімен] — ақ шойын құрамындағы зат цементит пен аустениттің эвтетикалық қоспасы; 1145С темп-рада балқыту нәтижесінде түзіледі. Таза көміртекті темір қорытпаларындағы көміртектің мөлш. 2,03%-дан жоғары болғанда ғана қатты және морт сынғыш Ледебурит алынды. Құрамындағы аустенит 723ӘС-тан төменгі темп-рада ферритті цементитті қоспаға ыдырайды. Сол себебті шойындарда пластик. деформация болмайды. Болаттарда кездесетін аустенит пен карбидтерден құрылған Ледебурит тек легирлеуіш элементтер мен көміртек мөлшері көп болған жағдайда ғана (0,7 — 1,0% С) түзіледі. Мұндай болаттар Ледебуриттік топ құрайды. Бұл топтағы болатта негізінен аз ғана мөлшерлі Ледебурит болатындықтан оларды қысыммен ыстықтай өңдеуде жаратады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ ұлттық энциклопедиясы