Маклер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Маклер (нем. Mаkler – делдал, арада жүруші) -

  1. тауарларды, бағалы қағаздарды сатып алу-сату саласында кәсіби түрде делдалдықпен айналысатын адам;
  2. сақтандырумен байланысты мәмілеге қатысатын адам; сақтандыру агентінен айрырмашылығы — Маклер сақтандыру ұйымында жалданып жұмыс істемейді;[1]
  3. келісім-шарттарды өзінің есебінен сатып алушы және сатушы биржа делдалы (оның клиент үшін мәміле жасасатын делдалдан өзгешелігі осында). Биржа қызметкерлерін, сондай-ақ тауар секцияларында сауда-саттық жүргізушілерді және делдалдардың мәміле жасасуға ауызша келісімін реттеушілерді биржa маклері дейді. Шетелдік практикада маклер қор биржасындағы басты тұлғалардың бірі ретінде қаралады.[2]
  4. Клиенттің тапсырмасы және соның есебінен әрекет ететін қор, валюта және тауар биржаларында мәміле жасау кезіндегі делдал; биржалық операциялардың белгілі бір түрі не маманданушы; төлем үшін әлдебір делдалдық қызмет көрсететін пысықай.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
  2. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  3. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6