Мекке

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Мекке
مكة
Әкімшілігі
Ел

 Сауд Арабиясы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

21°25′21″ с. е. 39°49′34″ ш. б. / 21.42250° с. е. 39.82611° ш. б. / 21.42250; 39.82611 (G) (O) (Я)Координаттар: 21°25′21″ с. е. 39°49′34″ ш. б. / 21.42250° с. е. 39.82611° ш. б. / 21.42250; 39.82611 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

400 км²

Уақыт белдеуі

UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

1 700 000 адам (2007)

Тығыздығы

4200 адам/км²

holymakkah.gov.sa  (ар.)

Мекке картада
Мекке
Мекке
Мәсжид әл-Харам XVIII ғасырда
Мәсжид әл-Харам XIX ғасырда
Мәсжид әл-Харам XX ғасырда

Мекке (араб.: مكةМакка, сондай-ақ مكة المكرّمة Макка ал-Муккаррама) — Сауд Арабиясының батысындағы қала, Қызыл теңізден шамамен 100 км қашықтықта орналасқан. Мұсылмандардың қасиетті қаласы болып саналады.

Бұл қалада Мұхаммед (ғ.с.) дүниеге келіп, пайғамбарлығын осында бастаған. Ол арабтардың ежелгі мәдени орталығы саналады. Исламдық сенім бойынша мұнда Адам ата мен Хауа ана, Шис, Ибраһим, Исмаил пайғамбарлар (ғ.с.) тұрған. Меккені джурхум, хузаа тәрізді ежелгі тайпалар мекен еткен. Ал 4 ғасырдың аяғында мұнда[1] құрайыш тайпасы қоныстанған. 6 — 7 ғасырларда қала халқы Қағбадан оңтүстік-шығысқа қарай 800 — 900 метр және оңтүстік-батысқа қарай шамамен 500 метр ауданды алып жатты. Тарихта Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) Меккеден кеткенімен, Мединедегі жаңа ғибадатхананы Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ, қайта оның есігін соған қаратты (қара Құбыла). 630 жылы мұсылмандардың Меккені басып алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, жоғары дәрежеге көтере түсті. Қағбаны айналып қажылық ету салтына Арафат тауына бару енгізілді. Меккеге барып тәу ету мұсылмандықтың бес парызының бірі болып жарияланды. Әлемдік ислам қозғалысының орталық саналатын Меккеде сүнниттік (ханифиттік, маликиттік, шафииттік, ханбалиттік мазһаб) және шииттік оқу орындары орналасқан.[2]

Әрбір дұрыс жолдағы мұсылман өмірінде бір рет болса да бұл қасиетті діни орталыққа баруға міндетті. Ежелгі заманда Мекке бар-жоғы Арабия мен Африка шөлдерінен жүріп өтіп, шаршап-шалдыққан керуендер демалатын тыныш шұрат қана еді.

Қала мен әл-Харам мешітіне кіруге тек мұсылмандарға ғана рұқсат етілген, бұрынғы уақытта тыйым салуды бұзушыларды өлім жазасына кескен (қазір оларға айып салынады). Солай болғанмен де соңғы 200 жыл ішінде мұсылмандық қажыға барушылар сияқты киінген бірнеше шым-шытырық оқиға іздеушілер бұл заңды бұзды. 1830 жылы мешітте болған сэр Ричард Бэртонның даңқы бәрінен асып кеткен болар. Ол кейінірек бұл жөнінде "Мекке мен Мединаға қажылыққа бару" атты кітабында былай деп еске алады. "...дүрсілдеген жүректерімен тасқа жабысқан барлық сыйынушылардың ішінен ...ешкім де алыс солтүстіктен келген қажыдай орасан рухани толқынысты басынан өткізген жоқ".

Меккеге қажылыққа келгендер ғасырлар өткен сайын қасиетті болған қажылық салтанатына қатысады. Салтанат алдында олар ақ киім — ихрам киеді. Барлық сыйынушылар Алла алдында адамдар теңдігінің нышаны ретінде бірдей киінеді. Сыйынардың алдында мұсылман бетін, басып, қолдары мен аяқтарын жууға тиіс, сондықтан кез келгеи мешітке ағып тұрған су қажет. Харамда, Қағбадан бірнеше метр жерде ежелгі заманда қаладағы ауыз суының жалғыз бұлағы болған — Зәмзәм бұлағы бар. Бұлақтың пайда болуы библиялық уақыттарға жатады. Ибраһимнің дүниеге келген бірінші ұлы Исмаилдың — анасы Ажарды Ибраһим пайғамбардың бедеу әйелі Сарра шөлге қуып жібереді.

Балалы ана шөл қысудан өліп қалмауы үшін Құдай оларды құмнан ауыз суы атқылап жатқан жерге жібереді.[3]

Мұсылман еместерге кіруге болмайды

Ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед пайғамбар осында дүниеге келген. Кейін Мединеге кешуге мәжбүр болған Мұхаммед 630-31 ж. Мекені өзіне бағындырған. Мүсылмандардың арнайы барып табынатын ең қасиетті орны - Қағба осында.

Абай өзінің баласы Әбдірахман мезгілсіз дүние салған соң шығарған «Бермеген құлға қайтесің..» деген өлеңінде Құнанбайдың Мекеде уақап үй салғанын тілге тиек етіп, сол «қажыны да алған бұл өлім» деп өзін-өзі жұбатады.[4]

Меккедегі тарихи жерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Меккеде бірнеше тарихи, мұсылмандар үшін қасиетті саналатын жерлер бар:

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  3. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
  4. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9