Миелин қабықшасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Миелин қабықшасы (миелиновая оболочка); (plasmolemma myelini, лат. plasmolemma — қабықша, myelini — миелин) — миелинді жүйке талшықтарының ортаңғы қабықшасы. Миелин қабықшасы жүйке талшықтарының біліктік цилиндрін (нейроцит өсіндісі) тікелей сыртынан қаптап жатады. Миелин қабықшасы липид (май) және протеиннен құралған. Миелин қабықшасын сыртынан нейроглия қабықшасы — неврилемма қаптайды. Неврилемма нейроглия жасушалары — леммоциттерден тұрады. Жүйке талшығындағы миелин қабықшасы созьша жіңішкеріп, леммоциттер шекараларында түйінді үзілмелер (Ранвье үзілмесі) түзеді. Қатар жатқан екі түйінді үзілмелер аралығындағы миелинді жүйке талшығының жуан бөлігін түйінаралық сегмент деп атайды. Түйінаралық сегмент (бөлік) неврилемма леммоцитгерінің шекараларында орналасып, жүйке талшықтарына қажет қоректік заттар мен оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Миелин қабықшасы жүйке талшықтары бойымен өтетін жүйке толқындарының көршілес ұлпаларға өтпеуін қамтамасыз етіп, оқшауландыру қызметін атқарады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9