Олег Сафронович Ли

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Олег Сафронович Ли
Жалпы мағлұмат
Туған күні

4 мамыр 1942 (1942-05-04) (82 жас)

Туған жері

Наманған, Өзбек КСР

Азаматтығы

 Қазақстан
 КСРО (1942-1991)

Мамандығы

актер, режиссер

Белсенді жылдары

1972-2013

Олег Сафронович Ли (4 мамыр 1942 жылы, Өзбекстан, Наманган қаласында туған) - актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).

Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1975). Сол жылдан бастап Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында актер.

Рөлдері мен қойған спектакльдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Корей музыка комедия театрында 20-дан астам рольдер орындады.

Атап айтсақ, Гамлет (У.Шекспирдің "Гамлетінде"), Флориндо (К.Гольдонийдің "Екі мырзаға бір қызметшісінде"), Женя Сапарғалиев (М.Шатровтың "Менің үшінші курстағы махаббатымында"), Улин (А.Абдуллиннің "Он үшінші председателінде"), т.б.

Қазір осы театрдың бас режиссер. Ол 30-дан астам спектакльдер (Ен Сен Ненаның "Тамұқтың қоңыраулары", Хан Диннің "Янба-не туралы толғау", Т.Миннулиннің "Бесік жыры", Г.Лорканың "Бернерд Альбаның үйі", Мольердің "Тар-тюф", М.Задорновтың "Күйеуіңізді сатып аламын", т.б.) қойды.

1971 жылдан киноға ("Транссібір экспресі", "Теңіздегі адамдар", "Кек", "Жұлдызшы", т.б. 30-ға жуық) түсіп, халықаралық жүлделер алды.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үйленген. Жұбайы - Ким Галина Николаевна, Мемлекеттік корей музыкалық комедия театрында актриса. ¥лы - Ли Станислав, П.И. Чайковский атындағы Мемлекеттік консерваторияның студенті.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8