Олимпиада ойындары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Олимпиада ойындары
Ұйымдар
Хартия • ХОК • ҰОК • Рәміздер
Спорт түрлері •
Ойындар
Көне Олимпиада ойындары
Жазғы Олимпиада ойындары
Қысқы Олимпиада ойындары
Паралимпиада ойындары
Жасөспірімдер Олимпиада ойындары

Олимпиада ойындары немесе Олимпиада (гр. Ολυμπιακοί Αγώνες) төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.

Ежелгі Грекияда болған дәстүр, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды. Алғашқы кезде тек қана жазғы Олимпиада ойындары, төрт жылда бір рет өткізіліп отыратын, дүниежүзілік соғыстар болған жылдарды қоспағанда. 1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Бірақ 1994 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар екі жылдық айырмашылықпен өтіп тұрады.

Олимпиада ойындарының ұраныCitius, altius, fortius немесе "тезірек, жоғарырақ, күштірек".

Барон Пьер де Кубертен.

Шығу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ежелгі Олимпиядағы стадион

Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған. Ол кезде олимпиада ойындары бес күн өткізілген, бағдарламасына жүгіру, күрес, ат жарысы, қоссайыс, бессайыс сияқты спорт түрлері кірген. Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа кигізіліп, құрмет көрсетілген.

Алғашқы олимпиада ойындарының қабырға қағазы.

Даму барысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

19 ғасырдың орта кезінде Грекияда олимпиада ойындарды қайта жандандыру мақсатында біраз әрекеттер жасалды. Сөйтіп, 1859, 1870, 1875 және 1889 жылдары Афинада грек спортшыларының қатысуымен секіру, жүгіру, диск, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. Біраз уақыттан кейін гректерге олимпиада ойындардың бірыңғай күнтізбесін бекіту идеясы келді. Алғашында ойын өтуі бір күнге созылса, кейінірек ойынның ұзықтығы бір айға дейін жетті. Ойынды әр төрт жылда астық пен жүзім жинау арасында үнемі өткізіп тұру туралы шешім шығарды. Қоғам қайраткері - Пьер де Кубертеннің олимпиялық ойындар өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алған Францияның оқу ағарту министрі оған дене тәрбиесін дамыту жөніндегі халықаралық конгресс шақыруды табыстады. Содан 1894 жылы маусым айында 12 елдің қатысуымен конгресс өз жұмысын өткізді. Оған қатысушылар Пьер де Кубертэннің баяндамасын талқылап, 1896 жылы 1-олимпиялық ойындарын Афина қаласында өткізу жөнінде шешім қабылдады. Халықаралық олимпиада комитетінің тұңғыш басшысы болып грек Деметриус Викелас сайланды. Сонымен қазіргі заманғы алғашқы олимпиада ойындары 1896 жылы сәуір айының 6 – 15 аралығында Афинада өтіп, оған 13 елден 311 спортшы қатысты.

Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алғашқы үш орынға орналасқан спортшылар немесе командалар, медальдарға иеленеді. Жеңімпаздар алтын медальға (шынында күмістен жасалып, алтын жалатылған), екінші орынға орналасқандар күміс медальға, ал үшінші орындағылар қола медальға ие болады.

Бүл дәстүр, Лондонда өткен 1908 жылғы жазғы Олимпиада ойындарынан басталады. Афина қаласындағы алғашқы Олимпиада ойындарында тек қана бірінші және екінші орындарға ие болғандар ғана медальдармен марапатталатын, ал 1900 жылы Парижде және 1904 жылы Сент-Луисте медальдардың орнына кубоктар мен басқа сыйлықтар сыйлаған болатын.

Бұл Олимпиада ойындарының алтын медальдарына ең көп ие болған спортшылар тізімі.

Спортшы Ел Спорт түрі Олимпиада
Алтын
Алтын
Күміс
Күміс
Қола
Қола
Барлығы
Майкл Фелпс  АҚШ Жүзу 2000-б.к. 14 0 2 16
Рей Юри  АҚШ Жеңіл атлетика 1900-1908 10 0 0 10
Лариса Латынина  КСРО Гимнастика 1956-1964 9 5 4 18
Пааво Нурми  Финляндия Жеңіл атлетика 1920-1928 9 3 0 12
Парк Спитц  АҚШ Жүзу 1968-1972 9 1 1 11
Карл Льюис  АҚШ Жеңіл атлетика 1984-1996 9 1 0 10
Дэли Бьорн  Норвегия Шаңғы жарысы 1992-1998 8 4 0 12
Савао Като  Жапония Гимнастика 1968-1976 8 3 1 12
Дженни Томпсон  АҚШ Жүзу 1992-2004 8 3 1 12
Мэтт Бионди  АҚШ Жүзу 1984-1992 8 2 1 11
Николай Андрианов  КСРО Гимнастика 1972-1980 7 5 3 15

Екі түрлі спорт түрінен чемпиондар болған спортшылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қысқы және жазғы
Жазғы
Қысқы

Олимпиада нышандары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Лозаннадағы Олимпиада мұражайы.

Олимпиада қозғалысы көптеген нышандарды қолданады, негізінде олардың барлығы барон Пьер де Кубертеннің мұраттары мен ойларынан жаратылған.

Осы нышандардың ішіндгіе ең танымалы, 1920 жылдан бастап әр бір ойында көтерілетін бес сақина суреттелген олимпиада туы шығар. Олимпиада туы, ақ түсті матаның үстінде, бес түрлі-түсті сақина суреттелген ақ түсті мата болып табылады. Әр бір сақина, бес түрлі құрлықты білдіреді: Еуропаны, Азияны, Африканы, Америка мен Океанияны. Барлық сақиналар бір-бірімен байланысқан және Олимпиада ойындары рухының жан-жақтылығын білдіреді.

Бес сақина үшін таңдалған түстер (солдан оңға қарай): көк, сары, қара, жасыл және қызыл. Осы ту таңдалған кезде ақ фонмен қатар, бұл түстер әр бір елдің туында бар еді, сондықтан да бұл сақиналар тек қана құрлықтарды емес, әлемдегі барлық елдерді білдіреді.

Олимпиада ойындарының ресми ұраны "Citius, Altius, Fortius", латын тілінен аударғанда "тезірек, жоғарырақ, күштірек" деген мағынаны білдіреді. Бұл ұран алғашқы рет 1924 жылы Парижде қолданылған болатын, бірақ Кубертеннің айтқан Ең бастысы – жеңіске жету емес, қатысу - деген бейресми ұранға айналған нақыл сөздің маңыздылығы кем емес.

Олимпиада оты, күн сәулелерінен Олимпия қаласында тұтандырылады. Бұл дәстүр алғаш рет 1936 жылғы Берлинде өткен Олимпиада ойындарында пайда болды. Олимпиада оты, эстафета арқылы ойындар өтетін орынға дейін әкелініп, ашылу салтанаты кезінде Олимпиада тостағанында от жандырылады және жабылу салтанатында өшіріледі.

Олимпиада ойындарындағы спорт түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ресми спорт түрлері
XIX ғасыр XX ғасыр XXI ғасыр
Спорт түрі 96 00 04 06 08 12 20 24 28 32 36 48 52 56 60 64 68 72 76 80 84 88 92 96 00 04 08 12 16
Жеңіл атлетика 12 23 25 21 26 30 29 27 27 29 29 33 33 33 34 36 36 38 37 38 41 42 43 44 46 46 47 47 #
Есу   5 5 6 4 4 5 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 14 14 14 14 14 14 14 14 14 14 #
Бадминтон   ·   · 4 5 5 5 5 5 #
Баскетбол   · ·   1 1 1 1 1 1 1 1 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 #
Бокс   7   5   8 8 8 8 8 8 10 10 10 10 11 11 11 11 12 12 12 12 12 11 11 13 #
Б
а
й
д
а
р
к
а
-
к
а
н
о
э
Байдаркада және каноэде есу   ·   9 9 9 9 7 7 7 7 11 11 12 12 12 12 12 12 12 12 #
Слаломдық есу   4   4 4 4 4 4 4 #
В
е
л
о
с
п
о
р
т
БМХ   2 2 #
Маунтинбайк   2 2 2 2 2 #
Трек жарысы 5 2 7 5 6   4 4 4 4 4 4 4 4 4 5 5 5 4 4 5 6 7 8 12 12 10 10 #
Шоссе жарысы 1   1   2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 3 3 3 4 4 4 4 4 #
Ат спорты   3   5 7 5 6 5 6 6 6 6 5 6 6 6 6 6 6 6 6 6 6 6 6 # #
Семсерлесу 3 7 5 8 4 5 6 7 7 7 7 7 7 7 8 8 8 8 8 8 8 8 8 10 10 10 10 10 #
Футбол   1 1 1 1 1 1 1 1   1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 2 2 2 2 2 #
Гольф   2 2     #
Г
и
м
н
а
с
т
и
к
а
спорттық 8 1 11 4 2 4 4 9 8 11 9 9 15 15 14 14 14 14 14 14 14 14 14 14 14 14 14 14 #
көркем   1 1 1 2 2 2 2 2 #
батут   2 2 2 2 #
Ауыр атлетика 2   2 2   5 5 5 5 5 6 7 7 7 7 7 9 9 10 10 10 10 10 15 15 15 15 #
Қол добы   1   1 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 #
Көгалдағы хоккей   1   1   1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 2 2 2 2 2 2 2 2 2 #
Дзюдо   4   6 6 8 8 7 14 14 14 14 14 14 #
Күрес 1   8 4 10 5 10 13 13 14 14 16 16 16 16 16 16 20 20 20 20 20 20 20 16 18 18 18 #
Ж
ү
з
у
Жүзу 4 7 9 4 6 9 10 11 11 11 11 11 11 13 15 18 29 29 26 26 29 31 31 32 32 32 34 34 #
Синхронды жүзу   2 2 2 1 2 2 2 2 #
Суға секіру   2 1 2 4 5 5 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 8 8 8 8 #
Су добы   1 1   1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 2 2 2 2 #
Қазіргі бессайыс   1 1 1 1 1 1 1 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 1 2 2 2 2 #
Регби   1   1   1 1     #
Таэквондо   · ·   8 8 8 8 #
Теннис 2 4 2 4 6 8 5 5   ·   · 4 4 4 4 4 4 5 #
Үстел теннисі   4 4 4 4 4 4 4 #
Садақтан ату   6 6   3   10   2 2 2 2 4 4 4 4 4 4 4 #
Нысана көздеу 5 9   16 15 18 21 10   2 3 4 7 7 6 6 7 8 7 7 11 13 13 15 17 17 15 15 #
Триатлон   2 2 2 2 #
В
о
л
е
й
б
о
л
Жағажай волейболы   · 2 2 2 2 2 #
Волейбол   2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 #
Желкенді спорт   7   4 4 14 3 3 4 4 5 5 5 5 5 5 6 6 6 7 8 10 10 11 11 11 10 #
Барлық жарыстар 43 86 96 78 110 102 156 126 109 116 129 136 149 151 150 163 172 195 198 203 221 237 257 271 300 301 302 300 #

Олимпиада ойындарының өткізілу орындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жазғы Олимпиада ойындарын өткізген елдер. Ойындарды бір рет өткізген елдер жасыл түспен, ал екі немесе одан да көп рет қабылдаған елдер көк түспен көрсетілген.
Қысқы Олимпиада ойындарын өткізген елдер. Ойындарды бір рет өткізген елдер жасыл түспен, ал екі немесе одан да көп рет қабылдаған елдер көк түспен көрсетілген.

Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала, ойындарға 7 жыл қалғанда арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталады. Қала, ресми мәлімдемесін тапсырған бірнеше қала-кандидаттарының ішінен таңдалады. Таңдау кандидат елдерінің өкілдері мен ХОК президенінен басқа барлық ХОК мүшелерімен тура құпиялы жолы арқылы өтеді.

Ереже бойынша, соңғы дауыс беру рәсіміне кандидаттар тізімі арасында бес қаладан артық болмауы тиіс, бұл тізім бір жыл бұрын ХОК мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жеңімпаз кандидат дауыстардың жарытысынан артық жинау керек. Егер жеңімпаз алғашқы айналымда анықталмаса, онда екінші және кейінгі айналымдар өткізіледі. Әр бір айналымнан кейін ең аз дауыс жинаған бір кандидаттан күрестен шығып кетіп отырады. Сонда ғана, кандидат елдерінің өкілдері қайтадан дауыс бере алуға құқысына ие болады.

Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет (4 рет — жазғы және 4 рет — қысқы). Франция 5 рет (2/3), Ұлыбритания 3 рет (3/0), Германия 3 рет (2/1), Жапония, Италия, Канада 3 рет (1/2). Аустралия жазғы ойындарын бір рет өткізген, ал Австрия, Швейцария және Норвегия қысқы ойындарын. Швеция, Бельгия, Нидерланд, Финляндия, КСРО, Мексика, Оңтүстік Корея, Испания және Қытай бір рет жазғы ойындарын өткізген. Югославия (Босния және Герцеговина) бір рет қысқы ойындарын қабылдаған. Барлығы 21 ел. Жазғы ойындары 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.

Қалалар арасында Олимпиада ойындарын ең көп қабылдаған қала - Лондон — 3 рет. Лос-Анжелесте, Парижде, Афинада екі реттен жазғы ойындары өткізілген, Санкт-Морицте, Инсбрукте, Лейк-Плэсидте — қысқы. Олимпиада ойындарын өткізген 41 қала (жазғы 22, қысқы 19):

Астында 2020 жылға дейін жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының тізімі көрсетілген.

Жазғы Олимпиада ойындары Қысқы Олимпиада ойындары
Логотипі Жыл Ойындар Өткізілген орыны Логотипі Жыл Ойындар Өткізілген орыны
Қала Ел Қала Ел
1896 I жазғы Олимпиада ойындары Афина
Грекия
1900 II жазғы Олимпиада ойындары Париж
Франция
1904 III жазғы Олимпиада ойындары Сент-Луис
АҚШ
1906 Жазғы Олимпиада ойындары 1906
(ресми түрде мойындалмаған)
Афина
Грекия
1908 IV жазғы Олимпиада ойындары Лондон
Ұлыбритания
1912 V жазғы Олимпиада ойындары Стокгольм
Швеция
I VI жазғы Олимпиада ойындары Бірінші дүниежүзілік соғыс болғандықтан өткізілген жоқ
- 1916 VI жазғы Олимпиада ойындары Берлин
Германия
1920 VII жазғы Олимпиада ойындары Антверпен
Бельгия
Қысқы Олимпиада ойындары өткізіле бастады
1924 VIII жазғы Олимпиада ойындары Париж
Франция
1924 I қысқы Олимпиада ойындары Шамони
Франция
1928 IX жазғы Олимпиада ойындары Амстердам
Нидерланд
1928 II қысқы Олимпиада ойындары Санкт-Мориц
Швейцария
1932 X жазғы Олимпиада ойындары Лос-Анджелес
АҚШ
1932 III қысқы Олимпиада ойындары Лейк-Плэсид
АҚШ
1936 XI жазғы Олимпиада ойындары Берлин
Германия
1936 IV қысқы Олимпиада ойындары Гармиш-Партенкирхен
Германия
I XII, XIII жазғы Олимпиада ойындары және V, VI қысқы Олимпиада ойындары Екінші дүниежүзілік соғыс болғандықтан өткізілген жоқ
Сурет:Tokyo 1940 Summer.jpg 1940 XII жазғы Олимпиада ойындары Токио
Жапония
- 1940 V қысқы Олимпиада ойындары Саппоро
Жапония
- 1944 XIII жазғы Олимпиада ойындары Лондон
Ұлыбритания
- 1944 VI қысқы Олимпиада ойындары Кортина д'Ампеццо
Италия
1948 XIV жазғы Олимпиада ойындары Лондон
Ұлыбритания
1948 V қысқы Олимпиада ойындары Санкт-Мориц
Швейцария
1952 XV жазғы Олимпиада ойындары Хельсинки
Финляндия
1952 VI қысқы Олимпиада ойындары Осло
Норвегия
1956 XVI жазғы Олимпиада ойындары Мельбурн
Аустралия
1956 VII қысқы Олимпиада ойындары Кортина д'Ампеццо
Италия
1960 XVII жазғы Олимпиада ойындары Рим
Италия
1960 VIII қысқы Олимпиада ойындары Скво-Велли
АҚШ
1964 XVIII жазғы Олимпиада ойындары Токио
Жапония
1964 IX қысқы Олимпиада ойындары Инсбрук
Австрия
1968 XIX жазғы Олимпиада ойындары Мехико
Мексика
1968 X қысқы Олимпиада ойындары Гренобль
Франция
1972 XX жазғы Олимпиада ойындары Мюнхен
Германия
1972 XI қысқы Олимпиада ойындары Саппоро
Жапония
1976 XXI жазғы Олимпиада ойындары Монреаль
Канада
1976 XII қысқы Олимпиада ойындары Инсбрук
Австрия
1980 XXII жазғы Олимпиада ойындары Мәскеу
Кеңес Одағы
- 1980 XIII қысқы Олимпиада ойындары Лейк-Плэсид
АҚШ
1984 XXIII жазғы Олимпиада ойындары Лос-Анджелес
АҚШ
1984 XIV қысқы Олимпиада ойындары Сараево
Югославия
1988 XXIV жазғы Олимпиада ойындары Сеул
Оңтүстік Корея
1988 XV қысқы Олимпиада ойындары Калгари
Канада
1992 XXV жазғы Олимпиада ойындары Барселона
Испания
1992 XVI қысқы Олимпиада ойындары Альбертвиль
Франция
1994 жылдан бастап қысқы және жазғы Олимпиада ойындары арасына екі жыл салып өтіп тұрады
1996 XXVI жазғы Олимпиада ойындары Атланта
АҚШ
1994 XVII қысқы Олимпиада ойындары Лиллехаммер
Норвегия
2000 XXVII жазғы Олимпиада ойындары Сидней
Аустралия
1998 XVIII қысқы Олимпиада ойындары Нагано
Жапония
2004 XXVIII жазғы Олимпиада ойындары Афина
Грекия
2002 XIX қысқы Олимпиада ойындары Солт-Лейк-Сити
АҚШ
2008 XXIX жазғы Олимпиада ойындары Бейжің
Қытай
2006 XX қысқы Олимпиада ойындары Турин
Италия
2012 XXX жазғы Олимпиада ойындары Лондон
Ұлыбритания
2010 XXI қысқы Олимпиада ойындары Ванкувер
Канада
2016 XXXI жазғы Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейро
Бразилия
2014 XXII қысқы Олимпиада ойындары Сочи
Ресей
2020 XXXII жазғы Олимпиада ойындары Токио
Жапония

2018 XXIII қысқы Олимпиада ойындары Пхенчхан
Оңтүстік Корея
2024 XXXIII жазғы Олимпиада ойындары белгісіз белгісіз
2022 XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжің
Қытай

Қазақстан Олимпиада ойындарында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]