Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі.
1867 жылы Түркістан генерал-губернаторыК. П. Кауфман суретшіні өз қарамағына прапорщик шенінде қызмет етуге шақырды. Тамыз айында олар Ташкентке аттанды, кейін Самарқанда қала қорғанысына қатысты, мұнда Верещагин жарақат алып, ерлігі үшін 4-ші деңгейлі Әулие Георг орденімен марапатталды. 1868 жылдың соңында ол Петерборға қайтады. Келесі жылы ол тағы Орта Азияға сапар шегеді.
1871 жылы Верещагин Мюнхенге көшеді. Екі жылдың ішінде ол осы топтама бойынша жұмысын аяқтайды. «Түркістандық топтамаға» 13 сурет, 81 этюд және 133 эскиз кірді.
Кинематограф грек тілінен алынған сөз тіркесі: kinematoc – қозғалыс, grapho - бейнелеу, жазу, тұтас алғанда «қозғалысты бейнелеу» деген мағынаны береді.