Пьер Абеляр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Пьер Абеляр (1079, Лё Пале, Нант маңы, Бретань21 сәуір, 1142, Сен-Марсель монастыры, Шалон-сюр-Сонға жақын маңда, Бургундия) — француз философы, теологы және ақыны.

Росцелин мен Шамполық Гильомның қолында оқыған. 1113 жылы өзінің мектебін ашқан, мектебі кең танымал болған. Элоизаға деген махаббатының тарихынан соң екеуі де монастырьға кеткен (1119 жыл).

Универсалилер (жалпы ұғымдар) табиғаты туралы ортағасырлык философияға тән концептуализм идеясын ұстанды, сонымен бірге схоластикалық реализмді өткір сынады.[1]

Абеляр Пьер рыцарьдың ұлы болған ол философияға бет бұрып, мұрагерліктен бас тартады. 1114 жылы Париждегі Элоизаның немере жиеніне жеке оқытушы болып жалданады. Олар бір-бірін ұнатып қалады. Элоиза жүкті болып, құпия түрде некелерін қиғызады. Элоизаның ағасы Абелярды күшпен піштіріп тастайды да, осыдан кейін Элоиза екеуі тақуалық жолын ұстанады. 1121 жылы Абеляр теологиясы еретикалық шығарма деп танылады. 1125 жылы Бретания монастырға аббат болып сайланады. Бірақ қауыммен арадағы қатынасы нашарлаған соң, өміріне қауіп төнгендіктен қашып кетуге мәжбүр болады. 1135 жылдан бастап Абеляр Мон-Сен-Женевьевте сабақ береді. Осы жерде күнә түсінігі туралы талдау еңбегі Этиканы жазады. 1140 жылы дін бұзарлық қылығы үшін қайта айыпталып, Клюнидегі монастырға қашып кетеді. Оның негізгі Ия және Жоқ еңбегі мен бір-біріне қарама-қайшы келетін әртүрлі тақырыптағы Шіркеу әкейлері шығармалар жинағы оқырмандарды бұрыс ойлармен күресу арқылы шындыққа әкелуге бағытталған. Ол өзінің номиналистер мен реалистердің әмбебаптық жайлы таласында концептуализм атауымен белгілі аралық концепциясын шығарады. Сондай-ақ ол «История моих бедствий» атты автобиографиясын жазады. Ең атақты шығармалары Элоизамен ажырасып кеткеннен кейінгі бір-бірімен жазысқан хаттары болып саналады. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1
  2. Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Peter Abelard