Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков
Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков
Лауазымы
Ту
Ту
Сенаттың 6-сайланым депутаты
Ту
Ту
тамыз 2015 — 12 тамыз 2019
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев
Асқар Мамин
Ту
Ту
Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы
Ту
Ту
11 тамыз 2014 — тамыз 2015
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев
Ізашары Бектас Бекназаров
Ту
Ту
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы
Ту
Ту
20 қаңтар 2012 — 6 тамыз 2014
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов
Серік Ахметов
Ізашары Қайрат Қожамжаров
Ізбасары лауазым жойылды; Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ретінде
Ту
Ту
Әділет министрі
Ту
Ту
2 сәуір 2009 — 20 қаңтар 2012
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов
Ізашары Зағипа Балиева
Ізбасары Берік Имашев
Ту
Ту
Бас Прокурор
Ту
Ту
21 желтоқсан 2000 — 2 сәуір 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Қасым-Жомарт Тоқаев
Иманғали Тасмағамбетов
Даниал Ахметов
Кәрім Мәсімов
Ізашары Юрий Хитрин
Ізбасары Қайрат Мәми
Ту
Ту
Жоғарғы Сотының Төрағасы (м.а.)
Ту
Ту
шілде 2000 — қыркүйек 2000
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары Мақсұт Нәрікбаев
Ізбасары Қайрат Мәми
Ту
Ту
Қарағанды ​​облыстық сотының төрағасы
Ту
Ту
сәуір 1993 — сәуір 1994
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Сергей Терещенко
Ізашары Александр Александрұлы Рекин
Ізбасары Ақылтай Ахметжанұлы Қасымов
Өмірбаяны
Білімі Қарағанды университеті (1981)
Ғылыми дәрежесі Заң ғылымдарының кандидаты
Дүниеге келуі 28 қаңтар 1955 (1955-01-28) (69 жас)
Шымкент
Жұбайы Күләш Аташқызы Түсіпбекова
Балалары ұлдары
Жанат (1977)
Мұрат (1980)
Замир (1985)
Нұрәби (1991)
Марапаттары
Барыс ордені
Барыс ордені

Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков (28 қаңтар 1955, Шымкент) — қазақстандық мемлекеттік қайракткер, бас прокурор (2000—2009), әділет министрі (2009—2012), қаржы полициясы (2012—2014), 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Қысқаша өмірбаяны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан[1].

  • 1962 жылы Қарағанды қаласында тұрды, 1976 жылы ондағы № 3 орта мектепті бітірді.
  • Мектепті аяқтаған соң Қарағанды облысы атқару комитетінің өрттен қорғау қызметінде жүргізуші болып жұмыс істеді.
  • 1976 жылы тамыздан — 1981 жылы әскерден оралған соң Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультетінің күндізгі бөлімінің бірінші курсына қабылданып, оны өте жақсы бағамен аяқтады.
  • Қарағанды қаласы Совет аудандық халық сотында үш айлық сынақтан өткен соң 1981 жылы қараша айында халық судьясы болып тағайындалды.
  • 1984—1993 жжылы Қарағанды облысы Нұра аудандық соты төрағасының қызметін атқарды.
  • 1993—1999 жжылы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болды.
  • 1999 жылы сәуір айынан Қазақстан Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы міндетін атқарды.
  • 2000 жылы қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы болды.
  • 2000 жылы желтоқсанның 21-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды.
  • 2005 жылы желтоқсанның 15-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып екінші рет конституциялық мерзімге тағайындалды.
  • 2009 жылы сәуірдің 2-інде Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
  • 2012 жылы қаңтардың 21-інен Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы.
  • 2014 жылғы тамыздың 11-інен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесiнiң төрағасы.
  • 2015 жылғы 26 тамыздан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Қосымша лауазымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Закон и время» журналы редакция алқасының төрағасы

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мемлекет алдындағы қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін

  • Мемлекеттік 2-ші дәрежелі әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
  • Үйленген. Жұбайы - Түсіпбекова Күләш Аташқызы (1955 жылы туған).
  • Ұлдары:
  • Жанат Түсіпбеков (1977 жылы туған) - «Біріккен химиялық компаниясының» директорлар кеңесінің төрағасы (2021-2022), «KMG International N.V. Group» бас директоры (2012-2019), «ҚазМұнайГаз компаниясының» сыртқы өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры (2013-2016), «ҚазМұнайГаз компаниясы» төрағасының кеңесшісі (ақпан 2012-мамыр 2012), «ҚазМұнайГаз компаниясының» төрағасы (2011-2012), «ҚазМұнайГаз Өнімдері» төрағасы (2009-2011). Әйелі Жанна Төлеутайқызы Түсіпбекова.
    • Балалары: Жәңгір (2000 жылы туған), Нұржан (2002 жылы туған), Балнұрдін (2006 жылы туған), Самат (2014 жылы туған)
  • Түсіпбеков Мұрат (1980 жылы туған), Түсіпбеков Замир (1985 жылы туған), Төлеутай Нұраби (1991 жылы туған).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014