Роджер Пенроуз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Сэр Роджер Пенроуз (ағылш. Roger Penrose). Ол 8 тамызда 1931 жылы, Англияның Колчестер қаласында дүниеге келген. Ол — математиканың, жалпы салыстырмалық теориясының және кванттық ілімнің түрлі салаларында белсенді қызмет атқаратын, ағылшын ғалымы; твисторлар теориясының авторы.

Роджер Пенроуз Оксфорд университетіндегі математика кафедрасын басқарады және көптеген шетелдік университеттер мен академиялардың құрметті профессоры болып саналады. Сонымен бірге, ол Лондондағы корольдік қоғамның мүшесі болып табылады. Оның марапаттарының ішінде – Вольф сыйлығы (1988 ж., С.Хокингпен бірге), Копли медалі (2008), Альберт Эйнштейн және Корольдік қоғамның медалі. Ал, 1994 жылы ғылымға қосқан зор үлесі үшін Англия королевасы оған сері атағын берді.

Роджер Пенроуздың әкесінің жағындағы атасы – Джеймс Дойль Пенроуз (ағылш. James Doyle Penrose) – суретші болған, ал әжесі – Жозефина Пековер (ағылш. Josephine Peckover) – ауқатты квакерлік отбасыдан шыққан банкирлердің қызы. Роджер Пенроуздың нағашы әжесі — Сара Мара Натансон (англ. Sara Mara Natanson) – пианинода ойнаған, өзі латвиялық еврейлердің отбасынан шыққан. Нағашы атасы — Джоном Бересфорд Лизис (ағылш. John Beresford Leathes) — физиология саласының ғалымы және Корольдік қоғамның мүшесі болған.

Роджера Пенроуздың ата-анасы — Лайонел Шарплз Пенроуз және Маргарет Лизис — олардың дәрігерлік білімі болған. Маргарет дәрігер ,ал Лайонел — генетик және Корольдік қоғамның мүшесі болды. Роджер олар Колчестер қаласында әкесінің ғылыми жобасы бойынша тұрақтағанда дүниеге келді. Роджердің Оливер Пенроуз – физик-математик және Джонатан Пероуз — атақты шахмат ойыншысы сияқты екі ағасы бар.

1939 жылы Пенроуз отбасысы АҚШ-қа қоныс аударды, ал кейіннен Канададағы – Онтарио провинциясындағы Лондон қаласына көшіп кетті, сол жерде Рождер мектепке барған болатын. Бұл кезден-ақ бала Роджердің математикаға деген қызығушылыға арта түсті. Бұл қызығушылық Роджерге әкесінен және анасынан берілді, олардың әсәресе геометриямен қызыққандағы, Роджерге де, әсер етпей қойған жоқ. Ата-анасының геометрияға қызығушылығы басқа баласы Оливердің өзінің қатарластарын физика мен математикадан озуына әсерін тигізді.

Соғыс аяқталғанна кейін, 1945 жылы Пенроуздар отбасысы Англияға қайта оралып, Лондон қаласына көшіп келді. Роджер әкесі адам генетикасының профессоры қызметін атқарған Лондонның Университеттік колледжінің мектебінде білім алды. Болашақ ғалымның математикаға қызығушылығы арта түсті. Алайда мектеп бітірерде ол қиын таңдауға тап болады, биология мен химия саласын таңдап, отбасылық істі жалғастыру ма, әлде физика, математика мен химия пәндерін таңдау ма. Пенроуз соңғысын таңдап, өз ата-анасының көңілін қалдырды.

Математикадан құрметті бакалавр дәрежесін Университеттік колледжде алғаннан кейін, Роджер Оливерден үлгі алып, Кембридж университетіне ( St John's College (ағылш.)) оқуға түсті. Физиканы таңдаған ағасына қарағанда, ол тек математика саласымен ғана айналысуды ұйғарып, алгебралық геометрия саласында Вильям Ходжтың қол астында зерттеу жұмысын жасай бастады. Осылайша Роджер Пенроуз оған ерекше әсер еткен курстарды сипаттайды.:

Мен үш курсқа қатысқаным және үшеуінің де менің болашақта айналысатын зерттеуіме еш қатысы болмағаны есімде. Солардың бірі Герман Бондидің жалпы салыстырмалық теориясы бойынша өткен қызықты курс болды; Бондидің лекция оқитын өзіндік тамаша стилі болды, у Бонди был замечательный стиль чтения лекций, ол рухтандыратын тақырып талқылауы сияқты болды. как бы одухотворявший предмет обсуждения. Тағы да бір курс — Поль Дирактың кванттық механикасы бойынша жүргізілді, бұл бір ғажап курс болды; ол бір мінсіз лекциялардың жиынтығы болды, олар маған аса шабыт беретіндей көрінді. Ал үшіншісі, кейінірек зор әсерін тигіссе де, кезінде мен бұлай болады деп те ойлаған жоқпын, — бұл Стиннің математикалық логикасынан курс болатын. Мен Тьюрингтің машиналары жайлы және Гёдельдің теоремасы жайлы білдім, және менің ойымша, дәл осы кездерде қазірге дейін сеніп жүрген түсініктерім қалыптасты, — ментальді құбылыстарда болсын, басқа да болсын, әсіресе біздің түсінігіміздегі математикада ешқандай есептеу арқылы қамту мүмкін емес бір нәрсе бар екені жайлы түсінігім қалыптасты. Бұл көзғарас менің ойымда сол кездерден бері сақталуда.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Роджер Пенроуз