Роза Люксембург

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Роза Люксембург
Туған күні

5 наурыз 1871 (1871-03-05)

Туған жері

 Польша, Замостье қаласы

Қайтыс болған күні

15 қаңтар 1919 (1919-01-15) (47 жас)

Қайтыс болған жері

Германия Федеративтік Республикасы ГФР , Берлин

Азаматтығы

Германия Федеративтік Республикасы ГФР , Ресей империясы

Қызметі

көрнекті төңкерісшіл әйел, теорияшыл-марксист

Әкесі

Эдвард (Эльми) Люксембург

Анасы

Лина (Левенштейн тумасы)

Жұбайы

Густав Любек (жалған неке)

Роза Люксембург (5 наурыз 1871-15 қаңтар 1919)[1] - көрнекті төңкерісшіл әйел, теорияшыл-марксист. Германияның солшыл радикал оппозициялық социал-демократиялық партиясы II Интернационалдың жетекшілерінің белсенді қайраткерлерінің бірі болды, Польша және Литва социал-демократиялық париясының басында тұрды, Ресейдің социал-демократиялық жұмысшы партиясымен (РСДРП) белсенді жұмыс істеді.

Өмірбаяны мен қайраткерлік жолдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1871 жылы 5 наурызда Польшаның Замосце (Замостье) атты ескі қаласында туған. Ата-анасы ұсақ бұржуазиялық отбасы, әкесі - Эдвард (Эльми) Люксембург - саудагер, анасы- Лина (Левенштейн тумасы), үш ағасы және сіңілісі болған. Балалық шағы мен есеюі кезеңдері Ресей империясына қарасты Польша Корольдығында өтеді. Үйде польша тілінде, польшалық дәстүрінде өмір сүреді, бірақ анасы арқылы неміс тілі мен дәстүрінде қатарласа ұстанады.
  • 1884 жылы - Екінші Варшавалық әйелдер гимназиясының оқушысы болады. Оқып жүргенде, 16 жасынан жартылай заңды социалдық бағыттағы үйірмеге қатысады. Үйірме сәтісздікке ұшырап, талқандалып, мүшелері тұтқындалған соң Польшадан Швейцарияға эмигрант болып келеді. Мұнда ол Цюрих Университетінің қоғамдық-саяси ғылымдары факультетінде оқып, 1897 жылы Польшанның өнеркәсібін дамыту туралы диссертация қорғап, бітіріп шығады.
  • Философия, саяси экономиядан басқа математикаға және табиғи дисциплинаға көңіл бөліп, олармен қатар марксизм шығармаларын оқиды.
  • 1892 жылы Цюрихтегі польшалық социалдар үйірмесіне кіріп, оның жетекшісі болады. Маркстік тұрғыда польшалық социал-демократиялық қозғалысытың мақсатын негіздейді. Бұл Польшаның жаңа партиясын (Польша Корольдығының социал-демократиялық) құруға ықпал етеді. Партияның міндеттерін дұрыс түсіне білу жолында теорияшыл-марксист ретінде халықаралық беделге ие болады.
  • 1898 жылы Германияда германдық социал-демократиялық партиясына кіреді. Германияға келуін заңдастыру үшін неміс құзырындағы Густав Любекпен жалған некеге отыруға мәжбүр болып, Берлинге Fraudr Rossalie Lübeck атанып келеді. Мұнда ол ГСДП-ның солжақ қанатының жетекшісі болады.
  • 1905 жылы Германиядан Польшаға барады, онда "Червоны штандер" газетінде жұмыс істейді, ағымдағы жұмыстарымен қатар басқа революциялық басылымдар ұйымдастырады, лорзиндік пролетариаттар үшін неміс тілінде газет шығарады, германиялық газеттерге мақалалар жазады. Үш айдан кейін Варшава түрмесіне қамалады, одан 1906 жылы маусым айында шығып, Германияға түпкілікті оралады.
  • Бірнеше жылдар бойы германдық социал-демократиялық партия мектебінде экономика курсын өткізеді.
  • 1913 жылы милитаризмге қарсы сөзі үшін бір жылға түрмеге қамалады.
  • 1915-1918 жылдар ішінде бірнеше рет түрмеге қамалып, жалпы жиынтығы үш жыл, төрт ай отырып шығады. Түрмеде отырған кезде де өз насихатын жүргізіп, жазған брошюраларын, үндеу қағаздарын таратады. Түрмеде отырған көптеген төңкерісшілермен бірігіп жұмыс істейді.
  • 1918 жылы түрмеден шыққаннан кейін Карл Либкнехтпен бірге Германия коммунистік партиясының құрылтай съезін басқарады.
  • 1919 жылы 15 қаңтарда Моабит (Берлин орталығындағы аудан) түрмесіне барар жолда Карл Либкнехт екеуі тергеу барысында қараулшы қолынан қаза табады.

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • "Социалдық реформа және революция" (1899)
  • "Жаппай ереуіл, партия және кәсіподақтар" ((1906)
  • "Социал-демократия кризисі" (1916)
  • "Анти-критика" (1916)
  • "Орыс революциясы" (1918)
  • "Саяси экономикаға кіріспе"
  • 2 томдық "Капиталдың жиналуы"

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Роза Люксембург. Е.И.Рузавини /Редкол.: Абалкин Л.И., Аникин А.В., Афанасьев В.С. и др. - М.:Экономика, 1989. - 92с. - (из истории экономической мысли). - ISBN 5-282-00679-0