Самаль (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Самаль
а’а сама
Бүкіл халықтың саны

320 000

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия  Малайзия

Тілдері

сулу тілі

Діні

суннизм

Самаль (өз атауы — а’а сама) - Филиппиндегі моро тобының халқы, Сулу архипелагының оңтүстік бөлігінде тұрады. Саны 320 мың адам. Малайзияда (Сабах провинциясында) 50 мыңға жуық адам тұрады.[1]

Олар бір — бірімен тығыз байланысты екі тілде сөйлейді - батыс сулу және ішкі сулу. Көпшілігі сулу тілін ана тілі деп санайды.[2]

Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар.[3]

Олар Сулу аралына XIII-XIV ғасырларда Джохор аралынан қоныс аударса керек, жергілікті халық қысымына ұшырап, тек жағалау бойына қоныстануға мүмкіндік алды. Олар көп жағынан Сулу мәдениетін қабылдап, ассимиляцияға ұшыраған (кейде сулулармен біртұтас сулу-самал тобына бірігеді).

Теңізшілер, құл саудагерлері, қарақшылар ретінде белгілі. Самальдардың ішінде бірнеше топтар ерекшеленеді: самал-лаут («теңіз самалы») – теңізшілер мен балықшылар, самал-талон (дихашылар), самал-гимба – егіншілер, т.б. Тәтті картоп, бұршақ, кокос және арека пальмалары, банандар, кофе, ананас өсіреді. Балық аулау желкенді қайықтармен жүзеге асырылады, ұлулар, трепанг, теңіз шөптері және басқа да теңіз өнімдері өндіріледі. Мал шаруашылығы да бар, буйволдар, жылқылар, ешкілер, құстар өсіріледі. Інжу мен маржан қабықтары өндіріледі. Қолөнер дамыды – металл өңдеу, ағашқа және інжу-маржанға ою, зергерлік бұйымдар, қайық жасау, тоқу, өру.[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Самалдар қауымдастықта тұрады, көсемдер (дато) және дін қызметкерлері (имамдар) билікке ие. Отбасы моногамды ​​болып табылады. Неке – неолокалдық. Қалыңдық үшін төлем жасау дәстүрі сақталған. Ажырасуға рұқсат етіледі, бірақ балалар әкесінде қалады.

Дәстүрлі тұрғын үйі қадаларда орналасқан, бір бөлмелі, шағын верандалары бар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Значение слова самаль https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D1%81%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D1%8C
  2. Самаль (народ) https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1136063
  3. Современная энциклопедия САМАЛЬ https://rus-modern-enc.slovaronline.com/9935-%D0%A1%D0%90%D0%9C%D0%90%D0%9B%D0%AC
  4. народы мира / Самаль http://www.etnolog.ru/people.php?id=SAMA