Сильва (Сирвард) Барунаковна Капутикян

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сильва (Сирвард) Барунаковна Капутикян -(1919 жылы туған), армян ақыны. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952), Арменияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1970). Әуезовпен іскерлік және достық катынаста болған, КСРО Жазушылар одағының әр түрлі жиындарында кездесіп, пікір алысып тұрған. Қазақ жазушысына арнап 1946 жылы «Қазақстанда» деген өлең жазды. Онда Мухаңның бауырлас халыктарға ортақ екенін, өмірдің өзіндей нәрлі де көркем туындыларының мәңгі жасайтынын жыр еткен («Менің бауырларым», жинақ, М., 1952, 60-бет).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8