Словендер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Үлгі:Infobox Ethnic group Словендер (өз атаулары — хорутандар, карантандар, винділер, словендіктер) — оңтүстік славян ұлты, Словенияның негізгі халқы. Жалпы саны 2 млн-ға жуық (1998). Негізінде словендердің 400 мыңға жуығы Италия мен Австрияның шекаралық аудандарында, АҚШ-та, Мажарстанда тұрады. Католиктік христиан дінін ұстанады, аздаған православтар мен протестанттар да кездеседі. Словендердің ата-бабалары 6 — 7 ғ-ларда Дунайдың орта тұсындағы ұлан байтақ жерді, Пеннон ойпатын, Шығыс Альпіні (Карантанияны) мекендеген. Карантан мен Паннондық словендер жерінің көпшілігі мың жылға жуық неміс ақсүйектерінің иелігінде болды. Шығыс словендердің жері Венгр жер иеленушілеріне қарады. 1-дүниежүзілік соғыстан кейін словендер өзге оңтүстік славян халықтарымен бірге сербтер, хорваттар корольдігінің құрамына енді (1929 жылдан Югославия аталды). Мәдениетіне, әдет-ғұрпына қарай бірнеше этнографиялық топқа (краиндер, ақ краиндер, премурлер, штийлер, т.б.) бөлінеді. [1]

Пайдаланылған cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том