Тагбануа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тагбануа
тагбаноа
Бүкіл халықтың саны

15 000

Ең көп таралған аймақтар

 Филиппин

Тілдері

тагбануа тілі

Діні

дәстүрлі сенімдер

Тагбануа (өз атауы - тагбаноа)[1]Филиппин аумағында тұратын жалпы саны 15 мың адамнан тұратын ұлт.[2] Палаван аралының орталық және солтүстік бөлігінде қоныстанған.

Тілі - тагбануа тілі.[3] Диалектілері: апурауано (орталық), силангане (булалакаунос), тангдулане. Үнді әліпбиіне негізделген көне силлабикалық жазу сақталған (тагбануадан басқа).

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[4]

Негізгі кәсіптері теңізден балық аулау және теңіз қолөнері. Олар сондай-ақ қолмен атқарылатын егіншілікпен (күріш, тәтті картоп және басқа да түйнектер), аңшылық және терушілікпен айналысады.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Елді мекеннің басшысы көсем (дато). Неке әдетте моногамдық, билокальды немесе неолокалдық болып табылады. Мұрагерлік екі жақты. Ерте жастан баланы атастыру, қалыңмал беру (банди) жиі кездеседі.

XX ғасырдың ортасына дейін бір немесе екі қабырғасы бар қадаларда орналасқан шатырлар кең таралған.

Дәстүрлі ерлер киімі – жамбасты жауып тұратын мата кесіндісі, талшықтардан тігілген алжапқыш, ал әйелдер киімі – саронг, қабықтан немесе шөптен тігілген қысқа белдемше. Солтүстікте қазіргі тагбануа висая костюмін, оңтүстігінде моро көйлегін пайдалануда. Зергерлік бұйымдар мен амулет кең тараған.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]