Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов
Жалпы мағлұмат
Туған күні

2 қазан 1948 (1948-10-02) (75 жас)

Туған жері

Жамбыл облысы
Байзақ ауданы

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Мамандығы

актер
театр педагогы
режиссер, профессор

Белсенді жылдары

1970 жылдан

Бағыты

драма, мелодрама, комедия

Марапаттары
Достық ордені
Достық ордені

Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов (1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылында туған) — актер, режиссер, театр педагогы. Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1992). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992). Жамбыл облысының құрметті азаматы (2006). Парасат және Достық ордендерінің иегері.

Дулат тайпасының Жаныс руынан.[1]

Сахнадағы негізгі рөлдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Бейсенбай (Қ.Мұқашевтың "Дала дастанында"), Арыстан (Қ.Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астындасында"), Бақтығұл (Қ.Ысқақовтың "Таңғы жаңғырығында"), Мырзахмет (Т.Ахтановтың "Жоғалған досында"), Демесін (Д.Исабековтің "Кішкентай ауылында"), Көтібар, Сырым (М.Әуезовтың "Айман — Шолпан" мен "Қарагөзінде"), Жалмұхан (Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері — Ақтоқтысында"), Абылай хан (Ә.Кекілбаевтың "Абылай ханында", М.Байсеркеновтің "Абылайдың ақырғы күндерінде"), Әбутәліп (Ш.Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күнінде"), т.б. рөлдерді сомдады. Бұл рөлдерде Жаманқұлов ұлттық және әлемдік театр мектептерінің дәстүрін терең меңгерген, диапазоны кең актер екенін танытты. Жаманқұлов Қазақстанның кино өнерінің дамуына да елеулі үлес қосып, Чекист ("Отқа оранған Орал"), Тәңірберген (“Қан мен тер”), Әбілқайыр ("Жаушы"), Оразмерген ("Ақырғы аманат"), Болат ("Тарғыл қауын"), Әзімхан ("Қаралы сұлу"), Қайырхан ("Отырардың күйреуі"), Құнанбай ("Жас Абай") бейнелерін өзіне тән ерекше шеберлікпен сомдап шықты. "Отырардың күйреуі" фильміндегі Қайырхан рөлі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды (1992). Жаманқұлов режиссер ретінде К.Гоццидің "Турандот ханшайым", М.Ғапаровтың "Тұзды шөл", Қ.Шахимарданның "Томирис" пьесаларын сахнаға шығарып, бүгінгі заманғы отандық театр өнерінің деңгейін көтеруге үлес қосты.

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • жары: актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп.
  1. Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Жаныс — Алматы: Издательство Өнер, 2004. — 992 б. — ISBN 9965-595-78-Х.