Фатима Жұмағұлқызы Балғаева

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Фатима Жұмағұлқызы Балғаева
Туған күні

5 мамыр 1926 (1926-05-05)

Туған жері

қазіргі Түлкібас ауданы, Түркістан облысы

Қайтыс болған күні

2005 (2005)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақстан

Мемлекет

 КСРО
 Қазақстан

Мамандықтары

қобызшы, музыка мұғалімі

Дауыс түрі

қобыз, домбыра

Жанрлары

қазақ музыкасы

Марапаттары
Құрмет Белгісі ордені

Фатима Жұмағұлқызы Балғаева (5 мамыр 1926, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы2005, Алматы) — қобызшы, Қазақстан халық әртісі (1981).

Алматы консерваториясын бітірген (1950). 1942 жылдан Қазақ халық аспаптар оркестрінде өнер көрсетті. Балғаева аса шебер қобызшы ретінде халықтың ән, күйлерімен бірге Қазақстан композиторлары (Е.Г.Брусиловский, А.Жұбанов, М.Төлебаев, Л.Хамиди, Қ.Мусин, т.б.), Батыс Еуропа классиктерінің шығармаларын төрткүл дүниеге таратты. Балғаева — Берлинде өткен бүкілдүниежүзілік жастар мен студенттердің фестивалі байқауының лауреаты (1951). Бухарестегі жастар мен студенттердің фестиваліне қатысты (1953). Мәскеуде өткен фестивальде Мәскеудің Үлкен театрында симфониялық оркестрдіңсүйемелдеуімен А.Жұбановтың қобызға арнаған “Көктем вальсін” орындап, лауреат атанады (1957). 1960 жылдан Алматы консерваториясында ұстаздық қызметін атқарып келді (1978 жылдан профессор). Сексенге жуық шәкірттер тәрбиелеген, олардың ішінде М.Қалембаева, Г.Ізтілеуова, Р.Нұртазина, З.Бисембаева, Н.Сиражев, К.Ахметова, т.б. бар. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.[1]

Кәсіби қобыз өнерінің негізін қалаушы, қобызды әлемге паш еткен қобызшы ұстаз Фатима Жұмағұлқызы Балғаева ­ 2005 жылы дүниеден озды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]