Халықаралық бейбітшілік күні

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

21 қыркүйек - Халықаралық бейбітшілік күні.

Басты мақсаты - соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға жаппай шақыру.

Халықаралық бейбітшілік күнін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен. Ол 2002 жылдың 21 қыркүйегінен атап өтіледі. Халықаралық бейбітшілік күнін дәл осы күні мерекелеу туралы шешім БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-ші сессиясында (2001 жылғы 28 қыркүйегіндегі №A/RES/55/282 арнайы қарары) қабылданды.

Барлық елдерге осы күні әскери әрекеттер өткізбеу ұсынылады.

Жыл сайын 21 қыркүйекте БҰҰ-да Бейбітшілік қоңырауы жанында салтанатпен басталатын, түрлі іс-шаралар өткізіледі. Салтанатты рәсім БҰҰ Бас хатшысының арнау сөзімен басталып, кейін ол қоңырауға ұрады. Сонан соң бір минуттық үнсіздік жарияланады. Кейінгі сөз кезегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына беріледі.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Біріккен Ұлттар Ұйымының атаулы күндері

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]