Халықаралық электр байланысы одағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Халықаралық электр байланысы одағы
ағылш. International Telecommunication Union
Мүшелік:

193 мемлекет

Басшылары
Бас хатшы

Чжао Хоулинь

Құрылуы
Құрылды

17 мамыр 1865

http://www.itu.int
Ортаққор логотипі Халықаралық электр байланысы одағы Ортаққорда

Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭБО) (ағылш: International Telecommunication Union (ӀТО)) — деректер таратудың әмбебап стандарттарын бекітетін халықаралық ұйым, телекоммуникация және радио саласындағы ұсынымдарды айқындайтын, сондай-ақ радиожиіліктерді халықаралық пайдалану мәселелерін реттейтін халықаралық ұйым (радиожиіліктерді тағайындаулар бойынша және мемлекеттер бойынша бөлу).

1865 жылы Халықаралық Телеграф одағы ретінде құрылған, 1947 жылдан бастап БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі болып табылады. ХЭБО-на 193 ел және секторлар мен қауымдастықтар (ғылыми-өнеркәсіптік кәсіпорындар, мемлекеттік және жеке байланыс операторлары, радиохабар компаниялары, өңірлік және халықаралық ұйымдар) бойынша 700-ден астам мүше кіреді.[1]

Бұрын International Telegraph and Telephone Consultative Committee (телефондау және телеграфтау бойынша халықаралық кеңесші комитет) деп аталған. Әлемнің түрлі елдеріндегі телекоммуникациялық компаниялар мен ұйымдар ХЭБО мүшесі болып табылады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://www.itu.int/online/mm/scripts/mm.list?_languageid=1&_from=&_search=ITUstates&regionvarnam=ctry_councilregion&_territories=&_map=n&_sort=1&_f1=CHECKED&_f7=CHECKED&_f8=CHECKED&_f9=CHECKED&_f16=CHECKED&_f20=CHECKED
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6