Хизбуллаһ
Хизбуллаһ | |
حزب الله | |
Басшысы | |
---|---|
Құрылған жылы |
1982 |
Штаб-пәтері | |
Идеологиясы |
Хизбуллаһ (араб.: حزب الله — «Аллаһтың тобы»; сонымен қатар Хезболла́, Хезболла́һ, Хизба́лла, Хизбалла́, Хизбалла́һ деп те аталуы мүмкін) — ливандық шииттік әскери ұйым және Ливанда Иран үлгісі бойынша Ислам мемлекетін құруды қолдайтын саяси партия. Идеологиясының негізінде Иран Ислам төңкерісінің көсемі Рухолла Хомейни жасаған идеологиясы жатыр. Канада, Нидерланд, Израиль, АҚШ, Мысыр мемлекеттерінде, және ішінара Австралия мен Ұлыбританияда лаңкестік ұйым ретінде танылған. Иран мен Сирия мемлекеттерінің қаржылай және әскери көмегін қолданады[1][2][3].
1985 жылғы манифестінде бұл ұйым өзінің үш негізгі көздеген мақсаты ретінде: «Ливаннан кез келген колониалды құрылымдарды шығарып тастауды», «фалангистерді өз қылмытарына жауапқа тартуды» және елде Исламдық режимді орнатуды жариялады.
Арабтанушы Георгий Мирский айтқандай[4], Ливанда әрекет етіп жүрген топ 1982 жылы сол атаумен аталған ирандық ұйымның филиалы ретінде құрылған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «именно Иран создал Хезболла и уже на протяжении четверти века спонсирует ее деятельность»
- ↑ «Хезболла (в буквальном переводе „Партия Бога“) была создана в 1982 ж. (по другим данным, в 1985 ж) при поддержке Ирана. Впоследствии ее спонсором стала Сирия» Мұрағатталған 20 тамыздың 2008 жылы.
- ↑ «Hezbollah: Between Tehran and Damascus»; Middle East Intelligence Bulletin; Vol. 4, No. 2; ақпан 2002 ж; Gary C. Gambill, Ziad K. Abdelnour, (ағыл.)
- ↑ Газета «Известия»