Цеолиттер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Цеолит минералы
Цеолит минералы

Цеолиттер (грек. — қайнайтын) — сілтілік және сілтілік жер металдарының сулы алюмосиликаттары түріндегі минералдар.

Құрылымы [(Sі, Al)O4] тетраэдрлерінің қаңқасынан тұрады, бұның теріс зарядтарын Ca, Na, K иондары теңестіреді. Қаңқадағы тетраэдрлер арасындағы байланыстардың беріктігіне қарай Цеолиттер бір (натролит тобындағы минералдар), екі (гейландит тобындағы минералдар), үш өлшемді болып ажыратылады. Бірінші және екінші топ минералдарының пішіні талшық және пластинка тәрізді.[1]

Физикалық қасиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Цеолиттер түссіз, ақ, жасыл, қызғылт, қоңыр түсті болып келеді. Қатт. Мосс шкаласы бойынша 3,5 — 5,5, тығызд. 2,1 — 2,5 г/см3. Цеолиттер негіз құрамды эффузиялардың суынуынан пайда болған қуыстарда, гидротермалдық процестердің ақырында қалыптасқан түзілімдерде, экзогендік жағдайда алюмосиликаттар мен табиғи шынының өзгеруінен жаралады. Жасанды жолмен алынған Цеолиттердің таңдап адсорбциялау қасиеті болады. Цеолиттерден жоғары сапалы сорбенттер, молек. өлшеуіштер жасалады. Цеолиттер табиғатта кең таралған. Табиғи Цеолиттер суды тазартуға қолданады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология. А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2