Электр конденсаторы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Конденсаторлардың негізгі құрылымы — екі өткізгіш

Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Ол латынның “condenso”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан. Конденсатор электр энергиясын және электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылады. Конденсатордың екі өткізгішін оның жапсарлары деп атайдың Ол жапсарларды шамасы жағынан тең, таңбалары жағынан қарама–қарсы зарядтпен зарядтайды.Бұл құрал өзіміз көріп жүрген телевизорларда, радиоқабылдағыштарда, магнитофонда және т.б электр құралдарында қолданылады.

Ашылу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1745 жылы Лейден қаласында неміс физигі Эвальд Юрген фон Клейст және голланд физигі Питер ван Мушенбрук тарихта ең алғашқы конденсатор – «лейден банкасын» жасады[1].

Конденсатор-пассивті электронды компонент. Қарапайым нұсқада дизайн пластиналар тәрізді екі электродтан тұрады (плиталар деп аталады), диэлектрикпен бөлінген, оның қалыңдығы плиталардың өлшемдерімен салыстырғанда аз (суретті қараңыз.). Іс жүзінде қолданылатын конденсаторларда диэлектриктің көптеген қабаттары және көп қабатты электродтар немесе цилиндрге оралған ауыспалы диэлектрик пен электродтардың таспалары немесе дөңгелектелген төрт қабырғасы бар параллелепипед бар (орамға байланысты).

Қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Конденсатордын зарядты жинақтау қабілетін көрсететін физикалық шама. 1.Сыйымдылық.Өлшем бірлігі.Формуласы. 2.Конденсатор түрлері-. 3.Өткізгіштің электр сыйымдылығы әр түрлі факторларға байланысты өзгереді. 4.Әр түрлі конденсатор сыйымдылық формулалары. 5.Конденсаторды тізбектей және параллель жалғау. 6.Қонденсаторларды қолдану-Сайфоллаева Айнелла

Сыйымдылық. Өлшем бірлігі. Формуласы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өткізгіштің электрсыйымдылығы мынандай факторларға байланысты өзгереді:

  1. Өткізгіштің электрсыйымдылығы оған екінші зарядталмаған өткізгішті жақындатқанда артады;
  2. Екінші өткізгішті жерге жалғау бірінші өткізгіштің электрсыйымдылығын арттырады;
  3. Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын арттырады;
  4. Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады;
  5. Диэлектриктің диэлектрик өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады;
  6. Өткізгіштердің бір-бірімен айқасу ауданын арттырғанда жүйенің электрсыйымдылығы артады;

Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды. Конденсаторды схемада мына түрде белгілейміз:

ГОСТ 2.728-74 бойынша белгіленуі Сипаттамасы
1cm Тұрақты сыйымдылығы бар конденсатор
1cm Поляризацияланған конденсатор
1cm Айнымалы сыйымдылығы бар конденсатор
Варикап

Конденсатор түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сипаттық тағайындалуына қарай конденсаторларды шартты түрде жалпы және арнайы қолданыстағы конденсаторлар деп бөлуге болады:

  • Жалпы қолданыстағы конденсаторларға кең тараған төмен вольтты конденсаторлар жатады және олар құралдар мен аппараттардың көптеген түрлерінде қолданылады
  • Ал қалған конденсаторлардың барлығы арнайы қолданыстағы конденсаторлар деп аталады. Оларға жоғарғы вольтты, импульстік, бөгетті жойғыш, дозиметриялық және т.б конденсаторлар жатады.

Конденсатордың негізгі сипаттамасы оның электрсыйымдылығы болып табылады. Ол конденсатордың электрзарядын жинақтау қабілетін көрсетеді. Сыйымдылықтың анықтамасы бойынша конденсатордың жапсарларындағы заряд оның жапсарларының арасындағы кернеуге тура пропорционал. Конденсатордың сыйымдылығы әдетте 1 пФ–тан жүздеген мкФ–қа дейін, сонымен бірге сыйымдылығы ондаған Ф–қа дейінгі конденсаторлар да кездеседі. Сонымен қатар конденсаторларды жапсарларының пішініне қарай жазық, цилиндр тәріздес, шар тәріздес және т.б деп бөледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Марио Льоцци История физики — М.: Мир, 1970 — стр. 173.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Capacitors