Эпаминонд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Эпаминонд
көне грекше: Ἐπαμεινώνδας
суреті
Туған күні

б.з.б. 418 ж.

Туған жері

Фивы (Беотия), Ежелгі Грекия

Қайтыс болған күні

б.з.б. 362 ж.

Мемлекет

Фивы (Грекия)

Қызмет еткен жылдары

б.з.б. 371 — б.з.б. 362

Басқарды

Фив әскері

Шайқасы

Беотия соғысы: Левктр шайқасы, Мантинея шайқасы (б.з.б. 362)

Эпаминонд (б.з.б. 418 ж. ш. – 362, Мантинея маңы) – ежелгі грек қолбасшысы және саяси қайраткері. Б.з.б. 4 ғ-дың 70 – 60-жылдары (379 ж. Фивыда болған демокр. төңкерістен кейін) Пелопидпен бірге Фивы мемлекетін және демокр. негізде қайта құрылған Беотия одағын басқарды. Б.з.б. 371 ж. жаңа соғыс тактикасын қолданып, Левктры маңында спарталықтарды жеңді, одан кейін Беотияның Пелопоннеске жасаған шабуылдарына басшылық етті (б.з.б. 370/369 ж., 367 және 362 ж.) Соңғы жорықта өзі енгізген соғыс тактикасын дамыта отырып, Мантинея маңындағы шайқаста жеңіске жетті. Осы шайқаста өзі қазаға ұшырады[1].

Қолданылған әдебиеттер тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Разин Е.А., История военного искусства, т. 1, М., 1955

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том