Қажарлар әулеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қажарлар әулеті (түркіше қашу) (Qajar ) (парсы: سلسله قاجاریه‎ - or دودمان قاجار) Астрабад (қазіргі Горган) қаласынан шыққан түркі тайпасының өкілдері. Қажарлар әзірбайжан түркілерінің ірі тайпасы болып саналады. Әулет негізін қалаушы Аға Мұхаммед Шаһ Қажар 1787 жылы Ресейге қарсы саяси науқан кезінде Әзірбайжан және Иран шахы болып жарияланды.

Ол өз астанасы етіп Тегеранды таңдады.Алай да,Тебриз шаһары маңызды рөлді атқарды. Қатал да табанды Аға Мұхаммед елді тәртіпке келтіруді қолға алып, сыртқы жауларға қарсы табысты соғыстар жүргізді. Бірақ ол 1797 жылы өз қызметшілерінің қолынан қаза тапты. Оның ұрпақтары Фахт Әли шаһ (1798 1834), Мұхаммед шаһ (1834 1848), Насыр әд-Дин шаһ (1848 1896), Мұзаффар әд-Дин шаһ (1896 1907), Мұхаммед Әли шаһ (1907 1909), Ахмед шаһ (1909 1925) Иран тарихында еуропалық державалардың отарлаушылық экспансиясының нысанасына айналуымен ерекшеленеді. Бұл дәуірде Иран осы кезде күшейіп келе жатқан Ресей мен Ұлыбритан империясының пайдасына өз аумағының едәуір бөлігін жоғалтты. Фатх Әли кезінде Ресеймен болған ұзақ соғыстардың салдарынан Иран Гүлістан (1813), Түркменчай (1828) келіссөздеріне сәйкес Кавказдағы Әзірбайжан, Грузия, Армения, Дағыстаннан айрылды. Гератты ауғандықтар түпкілікті жаулап алып, ал 1857 жылы ағылшындардың қысымымен Иран Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Иранды Англия мен Ресей жаулап алды. Соғыс біткен соң Иран ұлттар лигасына қабылданды. 1919 жылы Иран Ұлыбританиямен сауда келісімін жасап, Ұлыбритания сөз жүзінде Иранның тәуелсіздігін таныды. 1921 жылы 21 ақпанда елде мемлекеттік төңкеріс болып, билікке Реза хан билеген әскерилер келді. 1925 жылы 31 қазанда 5-мәжіліс қажарлар әулетін тақтан түсті деп жариялады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том