Құрбан Әбдірасілов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Құрбан Әбдірасілов
Туған күні

5 мамыр 1932 (1932-05-05) (92 жас)

Туған жері

Үлкен Ақсу ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы, Қазақ АКСР, РКФСР

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Қызметі

актер, театр режиссеры

Марапаттары

IMDb

ID 9871879

Құрбан Әбдірасілов(5 мамыр 1932, Үлкен Ақсу ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы, Қазақ АКСР) — актер, Қазақстанның халық артисі (1987). Ташкент театр-көркемсурет ин-тын (өзбекстанның халық арт. О.А. Чернова және Ф.М.Лобановтың класында) бітірген (1956). Сол жылдан бастап, Алматыдағы Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрында актер. Әбдірасілов ойнаған Сұлтанбай, Саид, Анархан (Д. Асимов пен А. Садыровтың “Анарханында”), Аббасшаһ (И. Саттаров пен В.И. Дьяковтың “Ғарип пен Сәнәмында”), Хидоятхан (Х. Хамзаның “Майсараның айласында”), Садбақ (А. Мақпыровтың “Садыр палуанында”), Айса (А. Ашировтың “Өлмес боп туғандарында”), Әзізхан (С. Жамалдың “Қара раушанында”), Инсаф (Ш. Хұсайыновтың “Анамның ақ көйлегінде”), Басыбар (М. Әуезовтің “Айман — Шолпанында”), Людовико (Шекспирдің “Отеллосында”), Попандопуло (Б. Александров пен Л. Юхвидтің “Малиновкадағы тойында”) рөлдері актердің шеберлігін көрсеткен бейнелер болды. Сонымен бірге режиссер ретінде Ә.В. Есьман мен К. Крикорлидің “Кім кімге ғашық” (1977, Т. Бахтыбаевпен бірге), А. Ашировтың “Мұқамшылар” (1981), Х. Абдуллиннің “Чинтемур батыр” (1985) спектакльдерін қойып, А. Чеховтың “Ұсыныс” (1971), М. Байджиевтің “Күйеу мен қалыңдық” (1979), А. Вампиловтың “Провинциялық анекдоттар” (1987) атты пьесаларын ұйғыр тіліне аударды. 1970 ж. кинода Ахмет (“Атаманның ақырында”), Гунхализат (“Жылан жылында”, 1981) рөлдерін ойнады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]