Құршаян шыбын

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Құршаян шыбын

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Буынаяқтылар
Табы: Жәндіктер
Кіші табы: Қанатты жәндіктер
Ықшам табы: Neoptera
Ұлы сабы: Endopterygota
Сабы: Mecoptera

Құршаян шыбын (лат. Mecoptera)[1] - жәндіктер отряды. 300-ге жуық түрі дүние жүзіне кең тараған.

  • Торқанатты қанатының ұзындығы 30 мм-ге жетеді.
  • Жағы мен үстіңгі ерні тұмсығына жалғасқан.
  • Ауыз мүшелері кеміргіш. Кейбір түрлері сұйықтықты сору арқылы қоректенеді, осы қасиеті қосқанаттыларға ұқсайды.
  • Құрсақ бөлігінің артқы ұшы жоғары қарай қайырылған, ұрғашысында құршаяндар сияқты үрленіп томпиып тұрады. Құршаян шыбын аталуы да осыған байланысты шыққан.

Құршаян шыбын түрленіп дамиды. Жұмыртқаларын топыраққа салады.Дернәсілдері жұлдызқұртқа ұқсайды. Топырақта қуыршаққа айналады, қуыршақтары қозғалысқа бейім.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5