Үлкенаяқты тауықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Үлкенаяқты тауықтар
Alectura lathami
Alectura lathami
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Тауықтәрізділер
Тұқымдасы: Megapodiidae
Lesson, 1831
Genera

Үлкенаяқты тауықтар, қоқсық тауықтары (лат. Megapodiidae) - тауық тәрізділер тұқымдасы. Ұзындығы 25-65 см. 7 туысы 12 түрі белгілі Шығыс Индонезия, Полинезия, Жаңа Гвинея және Австралияда таралған. Тропиктік ормандармен және бұташілікті мекендейді. Жұмыртқаларын баспайды. Кейбір түрлері тасбақа тәрізді жұмыртқаларын су жағасындағы құмға көмеді және олар күн сәулесінің әсерімен дамиды; басқалары жанартау маңындағы жылы құмды пайдаланады; үшіншілері шұңкыр қазып оның ішін шіріген жапырақтармен толтырып үстіне жұмыртқаларын салады. Жұмыртқаларын құммен жабады да еркегі оның температурасын күнделікті бақылап құмды ашып немесе толтырып жауып ұяның температурасын реттеп отырады. Бұл ұялардан қауырсынданған өз бетімен өмір сүре алатын балапандар шығады. 1 түрі және 2 түр тармағы ХТҚО Қызыл кітабына енгізілді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3