Әл-Джуәйни

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Әл-Джуәйни, Әбу-л-Маали Абд әл-Мәлік б. Абдаллаһ, Имам әл-Харамайн (1028 - 1085) -ашариттік каламның көрнекті өкілі, әл-Ғазалидің ұстазы. Нишапурға таяу жердегі Джуузйн округінің құрамына кіретін Азазуар елді мекенінде дүниеге келген. Нишапурда Әбу-л-Қасым әл-Исфараинидің (1059 ж.ө.) жетекшілік ету імен қалам мен у сул ад-динді, ал әкесінің басшылығымен фикһты үйренді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін 19 жасар Әл-Жууйнәкесінің орнына шафиттік фикһы бойынша оқытушы болды. Салжұқ уәзірі әл-Кундури ұйымдастырған ашариттерді қуғындау тұсында Әл-Жууйн Хиджазға қашып барып, Мекке мен Мединеде (1058 - 1062) өмір сүрді. Осында Имам әл-Харамайн құрметті атағына ие болды. аш-Шамил каламы бойынша Әл-Жууйни жазған басты шығармаларының қазіргі кезге дейін үштен бірі жетті. Оның сақталған, қысқартылған үлгісі - әл-Иршад - жаңадан бастаушыларға арналған Құран болып табылады. Жалпы алғанда Әл-Жууйн әл-Ашаридің, әл-Бакилланидің және Әбу Исхақ әл-Исфараинидің (1027 ж.ө.) идеясын дамытты. Кейін одан бас тартқан. әл-Бакиллани тәрізді Құранның астарымен сөз айшығының арасында айырмашылық бар деп түсінген Әл-Жууйн Құран аяттары уақыт аясында пайда болған деп жариялады және Аллаһ Мұхаммедке Құран сөзінің «мәнін» ғана жолдаған, ал оған сөз формасын Пайғамбардың өзі енгізген деп есептеді. Өтпелі кұбылыстан шектеусіз шегіністің пайда болуының мүмкін еместігін дәлелдеуді Әл-Жууйни өз іліміндегі кайталанбас жағдай деп есептеді. Бұл дәлел-мәлімет әлемнің жаратылғандығы туралы мутакаллимдер айғағының бөлінбес тұрпатты алғы шартына айналды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1