General Motors

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
General Motors
Түрі

Көпшілік компания

Құрылды

1908

Орналасуы

 АҚШ: Детройт, Техас штаты

Басты адамдары

Мери Барра (директорлар кеңесінің төрағасы және бас меңгерушісі), Ден Амман (Президент), Тим Солсо (Бас төрағасы)

Саласы

Автомобиль өнеркәсібі

Өнімі

Жеңіл және коммерциялық автомобильдер

Айналым

155.42 (2013 жыл)

Операциялық кірісі

$4,919 млрд (2013 жыл)

Таза табыс

$5.346 млрд (2013 жыл)

Қызметкерлер саны

219,000 (2013 жыл)

Еншілес компания

Chevrolet, Cadillac, GMC, Buick,

Сайты

gm.com

General Motors,GM — АҚШ-тағы автомобиль өндіруші ең ірі корпорациялардың бірі. Бас штаб-пәтері Детройт (Техас штаты) қаласында орналасқан. Корпорация әлемнің 157 мемлекеттерінде өз өнімін сатады, және 37 елде өндіріс орталықтары бар. 2013 жылға сәйкес, корпорацияда 219000 адам жұмыс істейді.2008 жылға дейін дүниедегі ең ірі автомобиль өндірушісі болған. Қазіргі кезде Toyota-дан кейін әлемнің екінші ірі автоөндірушісі болып табылады. 2013 жылы Forbes Global 2000 бойынша әлемнің ең ірі компаниялар арасында 70-ші орынға иеленді.[1]

A.
Компанияның штаб-пәтері

Компания 1908 жылы 16 қыркүйекте құрылған.Негізін салушы-Уильям Дюрант[2].Алғашқыда штаб-пәтері Сити оф Флинт (Мичиган)-да орналасқан,кейін Детройтқа көшірілді.XX-ғасырдың басында Америкадағы ең ірі автоөндірушісіне айналған.1931 жылдан 2007 жылға дейін әлемдегі ең ірі автомобиль өндіруші корпорациясы.Қазіргі кезде,корпорация Chevrolet, Buick, GMC, Cadillac, Opel, Holden, Vauxhall, Wuling, Baojun, Jie Fang, UzDaewoo брендтері ретінде өз өнімдерін 150-ден астам елдерде сатады.

Банкротқа ұшырау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2009 жылы 1 маусымда General Motors банкротқа ұшырағанын мәлімдеді.АҚШ-тың үкіметі корпорацияға 30 миллиард доллар ақшасын бөліп, акцияның 61%-ын иемденді[3], ал Канаданың үкіметі 12,5%-на ие болды.

2013 жылы GM 9,71 миллион автомобиль шығарған[4].Корпорацияда 219 мың адам қызмет етеді.АҚШ-тан басқасы,корпорацияның өндіріс орталықтары Канада, Австралия, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка Республикасы, Мексика, Аргентина, Бразилия, Қытай, Үндістан, Корея Республикасы сияқты елдерде орналасқан.2014 жылы Қазақстандық Еуразия сақтандыру компаниясы General Motors-пен бірге Қазақстандағы авто нарығында GM өнімдерін көбейту туралы мәселелерін талқылаған.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Forbes 2000 Global 2013 list
  2. Дженерал Моторс Мұрағатталған 4 мамырдың 2014 жылы.
  3. Правительство США оценило потери от спасения General Motors в $11,2 млрд Мұрағатталған 4 мамырдың 2014 жылы.
  4. Самые крупные автопроизводители 2013
  5. General Motors «пустит корни» в Казахстане Мұрағатталған 4 мамырдың 2014 жылы.