Stromae

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Stromae
Сурет
Негізгі ақпарат
Толық аты

Поль Ван Авэр ( фр.Paul Van Haver)

Туған күні

12 наурыз 1985 (1985-03-12) (39 жас)

Туған жері

 Бельгия, Брюссель

Белсенділік жылдары

2005 - қазіргі уақытқа шейін

Мемлекет

 Бельгия

Мамандықтары

әнші
композитор

Жанры

New Beat
Хип-хоп
электро

Лақап аты

Stromae, Maestro

Қызметтес болған

Anggun
Керри Джеймс

Лейблдері

Because Music
Mercury France
Universal Music France

stromae.net
Stromae


Поль Ван Авер (фр. Paul Van Haver; 12 наурыз 1985, Брюссель), Stromae (Стромáй) — бельгиялық әнші, рэпер, музыкант және әндер авторы, шыққан тегі руандиялық. Сахналық лақап аты Stromae — Maestro сөзінің өзгерген түрі.

Биографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Stromaeның әкесі — руандиялық, анасы фламанддық. 2000 жылы ол Maestro лақап атын алып, рэп-әлеміндегі жұмысын бастады. Алайда, оның лақап аты оған ұнамай, Stromae деп өзгертеді. 18 жасында Поль JEDI мен (Дидье Жан-Лонган) топ құрады. Содан кейін, олар «Faut que t’arrête le Rap» әнін жаздырып, бейнебаянын түсіреді. Дегенмен, JEDI дуэтты тастайды. 2006 жылы Stromae Hip-hop Family-ге қатысты, сонымен қатар Juste Debout Benelux-ке қатысты. Оқуының ақысын төлеу үшін, Поль мейрамханада жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Stromae 2011 жылдың маусымында бұрынғы Мисс Бельгия Татиана Сильва Брага Тавареспен қатынастарының бар екенін растады. Олар 2012 жылдың қыркүйегінде қатынастарын үзді. Қазіргі уақытта стилист Корали Барбьемен қарым-қатынаста.

Дискографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]