Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook

2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өтетін ел анықталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өтетін ел анықталды
Фото ©️ olympics.com

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2030 жылы қысқы Олимпиада ойындары өтетін елді анықтады. Парижде өткен сессия қорытындысы бойынша жарыс Франциядағы Альпі тауларында өтетін болды. 

БӨЛІСУ

Сессияға қатысушылардың көбі жарыстың Франциядағы Альпі тауында өтуіне дауыс берді. Жарысты өткізуге Солт-Лейк-Сити (АҚШ), Стокгольм және Оре (Швеция) қалалары да үмітті болған. 

ХОК 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Францияның Альпі тауларында өтетінін хабарлаймыз. Олар ХОК талаптарын толықтай орындады, - деді ұйым президенті Томас Бах. 

Франция жыл соңына дейін Олимпиада өтетін нысандар мен жоспарын бекітулері тиіс. Франция президенті Эммануэль Макрон жазғы Олимпиададан кейін жаңа жарысқа дайындық басталатынын жеткізді.

Франция қысқы Олимпиада ойындарын төртінші рет өткізбек. Алғаш рет 1924 жылы Шамониде өткізген. Одан кейін 1968 жылы Гренобльде, 1992 жылы Альбервильде болды. 

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццода (Италия) өтеді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!