Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
Тікелей эфир

Көктемгі су басу: Қазақстанның қанша елді мекенінде төтенше жағдай жарияланып жатыр

Жағдай, әсіресе БҚО, Қостанай, Абай және Алматы облыстарында ушығып тұр.

Қазақстан өңірлерін көктемгі судың тасуы және басуы әбігерге салып отыр. Оның салдарын жою және шығындарын өтеу үшін Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі елді мекендерде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланып жатыр. 

Информбюро Ашық НҚА порталындағы мәліметтерге сүйене отырып, қандай елді мекендерде төтенше жағдай жарияланатынына шолу әзірледі. 

Қостанай облысы: 

  • Арқалық қаласы;
  • Жангелдин ауданы;
  • Амангелді ауданы. 

Абай облысы: 

  • Аягөз ауданы. 

Батыс Қазақстан облысы: 

  • Орал қаласы; 
  • Теректі ауданы; 
  • Бөрлі ауданы; 
  • Қаратөбе ауданы. 

Тізім әлі де толығуы мүмкін. 

Еске салайық, кеше Қорғаныс министрлігінің әскери ұшқыштары апатты аймақтан 100 аса адамды эвакуациялады.


Оқи отырыңыз: Қостанай облысындағы су басқан елді мекендерден 150 тұрғын құтқарылды


 

Серіктестер жаңалықтары