Top.Mail.Ru
Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус жол бойында өртеніп кетті (видео)

Опубликовано:

Автобус өртенді
Алматыда автобус өртенді. Фото: Алматы ТЖД

Алматыда автобус жол бойында отқа оранды. Оқиға бүгін Жетісу ауданында болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қоғамдық көлік Райымбек даңғылы мен Сүйінбай даңғылының қиылысында өртенген.

"25 сәуір сағат 15:05-те ТЖД күштері мен құралдары автобустың жанғаны туралы хабарламадан соң Жетісу ауданына, Райымбек даңғылы мен Сүйінбай даңғылының қиылысына жіберілді. Оқиға орнына өрт сөндіру оқпандары берілді", - делінген Алматы ТЖД хабарламасында.

Ведомство өкілдері бұл жағдай түтін мен өртті анықтау жүйесінің бақылауында екенін хабарлады. Өрт 15:16-да оқшауланған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2091215-almatyda-avtobus-zhol-boiynda-ortenip-ketti-video/

pixel