Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
Skip to main content
Тақырыптар

Цифрлық әл-ауқат

Біз TikTok қауымдастығындағы әрбір пайдаланушының әл-ауқатын қолдауға тырысамыз. Заманауи технологиялар күнделікті өмірімізге әбден сіңе бастағандықтан, біз интернет қолданысын сіз үшін позитивті еткіміз келеді. Біз цифрлық әл-ауқат жолында сізге көмектесетін және теңгерімді сақтауға мүмкіндік беретін құралдар мен ресурстарды ұсынамыз. Бұл мақалада пайдаланушылар да, олардың ата-аналары немесе қамқоршылары да пайдалана алатын сарапшы ресурстары мен қолданба функциялары сипатталған.

Цифрлық әл-ауқат

Бізге сіздің интернеттегі және одан тыс әл-ауқатыңыз маңызды болып табылады. Біз TikTok-та позитивті тәжірибе алғаныңызды және тепе-теңдікті тапқаныңызды қалаймыз және ол үшін сізге бірқатар құралдарды ұсынамыз.

Әл-ауқатты қамтамасыз етуге арналған функциялар

Цифрлық әл-ауқат құралдары TikTok-қа қанша уақыт жұмсайтыныңызды түсінуге және бақылауға, сондай-ақ кейбір аудиторияларға жарамайтын контентті шектеуге мүмкіндік береді. Бұл реттеулер әр елде және қолданба нұсқасында әртүрлі болуы мүмкін.

Күндік экран уақыты— TikTok-та күніне қанша уақыт отыратыныңызды таңдауға мүмкіндік беретін функция. Толығырақ ақпарат алу

Экран уақытының бақылау тақтасы — TikTok-ты қалай және қашан пайдаланатыныңыз туралы мәліметтерді оңай көруге мүмкіндік беретін функция. Сондай-ақ апта сайынғы экран уақыты бойынша ақпарды қосып қойып, осындай мәліметтері бар хабарларды тікелей поштаға алып отыруыңызға болады. Бұл қолданбаны пайдалану туралы саналы шешімдер қабылдауға және оны пайдалану кезінде жинақы болуға көмектеседі. Толығырақ ақпарат алу

Қолданбаны пайдалану кезіндегі үзіліс — қолданбаны пайдалану барысында сіз орнатқан уақыт өткен соң үзіліс жасауды ұсынатын функция. Толығырақ ақпарат алу

Қауіпсіз режим — барлық аудиторияларға сәйкес келмейтін контентті шектейтін опция. Оны аккаунт реттеулерінде қосуға немесе өшіруге болады. Сондай-ақ қауіпсіз режим Отбасылық параметрлер қосулы кезде ата-ана тікелей басқара алатын функциялардың бірі болып табылады. Толығырақ ақпарат алу


Экран уақытын бақылау бойынша кеңестер

Цифрлық әл-ауқат мәселелесін достарыңызбен және жақын адамдарыңызбен талқылаңыз

Біз цифрлық әл-ауқатқа жету жолында экран уақытын басқаруды енді үйреніп жатқан жас пайдаланушыларға да, оларға көмектескісі келетін ата-аналарға да көмек көрсетуге дайынбыз.

Біз Internet Matters ұйымының сарапшыларымен бірлесе отырып, өзіңіздің желілік дағдыларыңызды талдауға және оларды өзгертуге көмектесетін 7 сұрақты дайындадық.

  • Мен интернетте не үшін отырамын?
    Достарыммен сөйлескім келе ме? Демалғым келе ме? Көңіл көтергім келе ме? Интернетке кірмес бұрын, одан не алғыңыз келетінін ойлаңыз. Осылайша мінез-құлқыңызға қандай факторлардың әсер ететінін және мақсатыңызға жеткен-жетпегендігіңізді түсіну оңайырақ болады.
  • Қазір істейтін басқа жұмыстарым бар ма?
    Қандай жұмыстарды ең алдымен орындау керек? Оларды қандай ретпен істеген дұрыс? Біз үнемі істегіміз келетін нәрселер мен істеуге міндетті нәрселердің арасындағы тепе-теңдікті іздеуге мәжбүрміз. Кейде жолымыз болып, оны тауып та жатамыз! Бұл сұрақты өзіңізге қою арқылы қазір интернетке кірсеңіз, бұл басқа жұмыстарыңызды уақтылы істеуге кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз.
  • Бұл сессия күнімді жақсартуға көмектесе ме?
    Бәлкім, интернеттен достарыңызбен кешкі асқа жаңа рецепт табатын шығарсыз? Мүмкін, сіздің дағдыларыңыз, тәжірибелеріңіз немесе қызығушылықтарыңыз басқаларына қызықты болатын контент жасауға көмектесетін шығар? Бірге бірдеңе жасауға досыңызды немесе отбасыңыздың мүшесін шақырғыңыз келмей ме? Күн барысындағы әртүрлі жұмыстарды бір-бірімен байланыстыру арқылы тиімдірек етіп көріңіз.
  • Онлайн сессия басында, ортасында және соңында мен не сеземін?
    Менің күй-жағдайым өзгерді ме? Көңіл күйім жақсарды ма әлде нашарлады ма? Мен күткен сезімдерді ала алдым ба? Менің сезімдеріме не әсер етті? Қолданбадағы сессияға дейін, сессия барысында және одан кейін не сезетініңізді бір сәт бақылап көріңіз. Мұндай әдет интернет сіздің әл-ауқатыңызға қалай әсер ететінін түсінуге көмектеседі.
  • Мен уақытты қалай өткіздім?
    Жаңа бірнәрсе үйрендім бе? Басқа пайдаланушылардың видеоларын қарадым ба? Өзім видео түсірдім бе? Тек қандай да бір әрекеттерге қанша уақыт жұмсағаныңызды ғана емес, қандай нәтиже алғаныңызды да ойлаңыз. Осылайша сізді не ынталандыратынын түсініп, саналылығыңызды арттыра аласыз.
  • Ойымдағы нәрселерді істедім бе?
    Менде жоспар болды ма және оны орындадым ба? Егер жоспар болмаған болса, оның болмағандығы нәтижеге әсер етті ме? Істеген нәрселерді істеймін деп ойладым ба? Менің мұндай әрекеттеріме не нәрсе жетеледі? Өзіңізге осындай сұрақтарды қою арқылы өз мінез-құлқыңызды және оған не әсер ететінін түсінуге болады.
  • Не нәрсені басқаша жасауға болатын еді?
    Маған не ұнады? Не ұнамады? Неліктен? Осы жолы сізге не қатты ұнағанын және келесі жолы нені басқаша істеп, жақсырақ нәтиже алуға болатынын ойлаңыз.

Қосымша кеңестерді қайдан табуға болады?

Дұрыс әрі пайдалы цифрлық дағдыларды қалыптастыру оңай емес. Бұл әсіресе цифрлық әл-ауқат қағидаларын әлі толық түсінбейтін ата-аналар мен қамқоршыларға қиынға соғуы мүмкін. Төменде берілген Internet Matters ресурстары цифрлық әл-ауқат мәселесін толығырақ зерттегісі келетін пайдаланушыларға көмектесуі мүмкін:


Медиасауаттылық

TikTok — пайдаланушыларға айналасындағы дүниені толығырақ зерттеуге мүмкіндік беретін орын. TikTok пайдаланушыларына платформаны қауіпсіз зерттеуге мүмкіндік беру үшін, біз Медиасауаттылыққа білім беру ұлттық қауымдастығы (NAMLE – National Association for Media Literacy Education) ұйымымен бірігіп, #thinkb4youdo ағартушылық хэштегі бойынша челленджді іске қостық. Бұл челлендж әрбір платформа пайдаланушысын қауымдастық үшін қауіпсіз әрі позитивті орта құруға қатысуға шақырады. Осы бағдарламаның шеңберінде пайдаланушылар TikTok видеоларын жүктеп салу, цифрлық денсаулық және интернеттегі қауіпсіздік туралы қызықты фактілерді бөлісу арқылы киберденсаулық бойынша кеңестермен танысады. Толығырақ ақпарат алу

Цифрлық ықпалыңызды басқару, киберқорлаудың алдын алу және цифрлық әл-ауқатты қамтамасыз ету туралы толығырақ ақпарат алыңыз!